Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ахметжанова Айжан Принстон Университетінде (Princeton University) тегін оқуға мүмкіндік беретін толық гранттың иегері атанды. Айжанның тандаған мамандығы Civil Engineering.
Грант алудың негізгі талаптары бойынша халықаралық емтихандар жоғары көрсеткіштері болған. Оқушы SAT Reasoning – 2140/2400, Physics, Maths, Chemistry – 800/800. TOEFL PBT – 657/677, IELTS – 8.5/9.0 сынақтарынан өте жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізген.
Айжанның айтуынша, АҚШ-та оқу оның балалық арманы болған, ал оған қол жеткізуге Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу мүмкіндік берген. Мектепте озат оқыған ол әлемдік деңгейде танымал университеттерінің бірі болып саналатын Принстон Университетінің студенті атанды. Болашақта Айжан өз елімізге оралып болашақ мемлекетіміздің өркендеуіне үлесін қосатынына сенімдіміз.