Жоғары балл грант ұтып алуға кепілдік бола алмайды

Жоғары балл грант ұтып алуға кепілдік бола алмайды

Ақжан есімді оқушы қыз ҰБТ-ға жоғары деңгейде дайындалған. Ол дайындық барысында мектеп бағдарламасын толықтай меңгеріп, кітапханадан қосымша әдебиеттер алып оқыған. Бұл – ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушы үшін үлкен жетістік.

Дайындық кезінде көп уайымдап, көп күш-жігер жұмсайды. Ақжанның айы оңынан туып, алдына қойған мақсатына жетеді.

Ары қарай не болды? Ол грант ұтып алды ма? Жоқ. Өкінішке орай, еңбегі зая кетті. Оның айтуынша, балы өзінен төмен оқушылар грантқа түсіп, ҰБТ-дан жинаған балы жоғары болса да, бұл мүмкіндіктен айырылып қалған. Ауыл квотасының да айтарлықтай пайдасы тимеген. Сол жылы көп грант оңтүстік жастарына бөлінген.

Ата-анасы нәтижесінде қыздарын Алматыдағы ЖОО-ның ақылы бөліміне оқытамыз деп шешім қабылдайды. Ақжанның ата-анасы да грантқа ие болудың лоторея ұтып алумен бірдей екендігін айтады.

Осы тұста көп оқушының Ақжан секілді грантқа түсе алмай қалғанын ескеруіміз керек. Мұнымен қатар, қазақ тілді мектептер үшін орыс тілі пәнінің, ал орыс тілді мектептер үшін керісінше қазақ тілі пәнінің балы алынып тасталатындығы бар. Сол себепті, ҰБТ-дан жинаған балыңыздан орыс тілі пәнінің балын алып тастаған кезде едәуір азайып қалуы ғажап емес.

Екіншіден, «Алтын белгі» иегерлерінің өзге түлектерге қарағанда грантқа ие болу мүмкіншілігі жоғары. Сондықтан, ЖОО-ға 100 балмен тапсырсаңыз да, бірінші кезекте алтын белгі иегерлері ескеріледі. Төмен балл жинаған оқушы грантқа ие болып жатса таңқалмаңыз.

Алтын белгі иегерлері үшін барлық сабақтан бестік баға алу маңызды. Ең бастысы, ЖОО-ны балыңызға сәйкес таңдай білу.

Ақжан болашақта сапалы білімінің арқасында жаңа белестерді бағындырып, ЖОО-да грант бөліміне ауысу мүмкіндігіне ие болады деген үміттеміз!

Ал Сіз ЖОО-ға қанша балмен тапсырған едіңіз?

Оқи отырыңыз:

Мұғалім мамандығы туралы шығарма

Мұғалімнің айтқандары есте қалу үшін не істеу керек?

Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?

Мектепке бармасақ не болады?

Сыныптастар арасында құрметке ие болудың 6 тәсілі


Сурет авторы: Карла Нур

Қ. Бүйенбай