Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге арналған сәнді сөмкелер мен рюкзактар

Сөмке немесе рюкзак – кез келген мектеп оқушысы немесе студенттің міндетті атрибуты. Портфельді ата-аналар мен оқушылар аса ыждаһаттықпен таңдайды: біреулері арқаға зиян келтірмейтін сөмке іздесе, басқалары сәнді бұйым алғысы келеді. Бүгінде рюкзактар мен сөмкелердің түр-түрі бар. Бұл да бір жағынан оқушының ерекшелігін айқындап, талғамынан хабар береді.

Портфельдер мен рюкзактарға деген сән барлық әлемдік подиумдарды жаулап алды. Маусымның өзекті сөмкесі – былғары рюкзак. Оның пішіні де, түсі де әртүрлі болуы мүмкін. Атақты брендтер көбіне қара түсті рюкзактар ұсынады, бірақ өзгешеліктер де болып тұрады. Сонымен қатар міндетті түрде екі иыққа ілінетін болмауы да мүмкін.

Topshop

Kanga, Zara

Рюкзак бұдырлармен, тойтармамен, түрлі түсті тастармен безендірілуі мүмкін. Мұндай рюкзактарды ZARA, H&M, Topshop брендтерінен табуға болады.

Olsen, Pull and Bear

Былғары рюкзактан өзге, көптеген дүкендерде анималистік немесе гүлді принтті рюкзактарды кездестіруге болады. Мұндай нұсқа күз немесе көктем мезгіліне жарайды, бірақ принт пен матасы сәйкессе қыста та ұстауға болады.

Eastpack, Topshop

Егер бейқам өмір мен балалық алғырттықты көрсеткің келсе, онда гүлді принтті таңдаған жөн. Егер дербестігіңді айқындағың келсе, онда жылан, жолбарыс және т.б. принтті рюкзактарға назар аудар.

Topshop, H&M

Рюкзактарды ұнатпайтын қыздарға сөмкелердің түр-түрі ұсынылады. Сөмке таңдағанда оның функционалдылығы мен көлеміне қараңыз. Жоғарғы сынып оқушылары көп кітап тасымайтыны анық, бірақ клатчпен де сабаққа бара алмайсың.

Бұл маусымда дизайнерлер сәнқойларға жұп сөмкелерді ұсынды. Оның біреуі сәл көлемді: оған күнделік, дәптерлер, қалам және тағы басқа қажетті заттарды салып қоюға болады, ал екіншісі әмиян, ұялы телефон, далап және т.б. ұсақ-түйектерді салуға арналған. Функционалдылығын санамағанда, жұп сөмкелер иесінің сәнқойлығын айқындайды. Сөмкелер бір-бірімен пішіні немесе түсі, матасы, әшекейіне байланысты үйлесуі керек.

Alexander Wang

Алайда, қолжетімді брендтер бұл үрдісті теріс айналып, мән бермей келеді. Сол себепті жұп сөмкелерді әзірге жоғары сапалы брендтердің топтамасынан іздеңіз.

Balenciaga

Balenciaga

Сабаққа сөмке-портфель дәл келеді. Оны иыққа асып немесе қолда ұстап жүруге болады. Төртбұрышты пішінінің арқасында оған оқуға қажеттінің бәрі сияды. Түсі мен пішінін өз талғамыңызға сай таңдай аласыз. Тек жарқын сөмкелер көктем немесе ерте күзге жарайтынын есеру керек, ал қошқыл түсті портфельдерді қыста ұстаңыз.

Oxford Bag Company

Сабаққа сөмке таңдағанда оның сыйымдылығына назар аударыңыз. Көптеген брендтер жоғары сынып оқушылары мен студенттерге ыңғайлы болатын көлемді сөмкелер ұсынады. Сонымен қатар сөмкенің матасы мен салмағы да маңызды. Егер былғарыдан жасалған сөмкеңіз тастар немесе алқалармен безендірілген болса, бұл оған қосымша салмақ болады. Мұндай сөмкелерден бас тартқан жөн.

Классикалық үлгідегі сөмке иесінің іскерлігін және оқуға деген ерекше ықыласынан хабар береді. Сонымен қатар түсі де маңызды: мектепке күңгірт түсті, ашық сұр, көк түсті сөмкелер таңдаңыз. Ал университет қабырғасында ашық түстермен көзге түсуге болады.

Zara


Мектеп ережелері көптеген әдеттегіден тыс тәжірибелерге тыйым салса да, бұл кезең өз дербестікті іздейтін мезгіл. Сондықтан ерекше талғамыңды мектеп кезінен-ақ айқындай беруге болады. 

Сурет: passion.ru