Жиырма екі жасқа жетпей миллионер болғандар

Жиырма екі жасқа жетпей миллионер болғандар
Фото: www.parentsociety.com

Миллионер болу үшін жылдар бойы тәжірибе жинау, диплом қуып оқи беру шарт емес екен. Сенбесеңіз мына кейіпкерлермен таныс болыңыздар! 

Фрейзер Доэрти. 2002 жылы 14 жасар Фрейзер Доэрти Эдинбургтағы үйінде тосап (джем) жасай бастайды. 16 жасқа толғанда мектепті тастап, толық жұмыс күнін тосап дайындауға арнаған. 2009 жылы SuperJam компаниясының кірісі $1,2 млн құраған. Қазірде Доэрти компанияның штаттағы жалғыз қызметкері және саудадан түскен ақшадан бөлек жалақысы $1-2 млн құрайды. 

Демек, кез келген бір істі мықты меңгерсең, миллионер болу мүмкіндігі бар.

Джейсон Брайан. 2008 жылы мектепті тәмамдаған Джейсон Брайан Флоридадағы көлік сатумен айналысатын фирманың маркетинг бөліміне жұмысқа орналасады. Ол маркетингтің болашағы интернет екенін түсініп, 3 жылдан соң 21 жасында $10 000 ақшаға көлік іздейтін сайт жасайды. Autocricket.com саудагерлер мен көлік өндірушілерге ақпарат беріп, 6 айдан соң инвесторлар назарына ілігіп, 250 000$ қаржы тартады. 2009 жылы сайттан түскен ақша $1,2 млн құраса, 2010 жылы — $6 млн-ға бір-ақ шығады.

Бізде бұл салада монополист koleso.kz сайты еді, ол ұзынқұлақтан есіткен мәліметке қарағанда $3 млн-ға Kaspi Bank-ке сатылған. Монополия бар жерде даму болмайды, сондықтан Джейсонның ерлігін қайталау қазақтың да қолынан келеді.

Ян Пуркаястха. 3 жыл бұрын он бес жасар Ян Пуркаястха жерқұлақ(жеуге жарайтын саңырауқұлақтың бір түрі) импорттап, оларды мейрамханалар мен табиғи өнімдер дүкеніне $12 000 дейін сатады. Пуркаястха Хьюстонда өсіп, жастайынан үйінің жанындағы орманда саңырауқұлақ терген. Негізі жерқұлақ импорттау — оңай шаруа емес, себебі әр түрлі 4 федеральды ведомства тексереді және оған жақсы күтім керек, сақтау мерзімі бар-жоғы жеті-ақ күн. Пуркаястха АҚШ-та алғашқы боп Арканзаста жерқұлақ тәлімбағын(питомник) ашады, ал оның компаниясының саудасы $1 млн жетеді. 
Дәл осы саңырауқұлақ егіп байып кетпесек те, қазақтың дархан даласында өсімдіктің мың бір түрі бар, солардың бірін осылай дамытып, миллионер болайық?!

Джошуа Дзябяк. Джошуа Дзябяк 2005 жыл 18 жасында Mediacatch атты хостинг компаниясын $1 млн-дан артығырақ бағаға сатады. Ол ақшаны керек жарағына жұмсап, қалған қаржыны жаңа жобаға салады. Жоба Showclix уеб-сайты болып, ол — мәдени орындар, оқу орындар, концерт залдары және басқа да жерлердің өз билеттерін онлайн, телефон және касса арқылы сатуға арналған. 2009 жыл $1 млн инвестиция тартып, компаниясы $2,75 млн бағаланады. Билеттен түскен пайда(Showclix әр сатылымнан 7-15% алған) өткен жылы $9 млн құраған. 

Бізде де неше түрлі осындай жобалар жүріп жатыр, бәсекелестік бар, бірақ кеңірек ойлап, ізденсек, бұдан да керемет ойларды істей аламыз. 

Кэмерон Джонсон. Кэмерон Джонсон алғашқы миллионын бірнеше коммерциялық жоба арқылы тапқан. Алғашқы бизнесі Cheers and Tears 9 жасында іске қосылған. Вирджиниядағы үйінде отырып, Photoshop-пен әр түрлі той-тұмалақтарға шақыру ашық хаттар жасап, өзгелерден тапсырыс қабылдайды. Джонсон осыдан түскен ақшаға жұмсақ ойыншықтар сатып алып, оны eBay сайтында қайта сатады, ал өзінің Cheers and Tears сайтында $50 000 табады. 
13 жасында My EZ Mail сервисін ойлап табады, оның қызметі — жеке ақпаратты ашпай электронды хаттарды белгілі бір адреске жеткізу еді. Кэмерон осы идеяны жүзеге асыру үшін программист жұмысқа алады және My EZ Mail 2 жылдан соң, жарнамадан айына $3000 кіріс әкеледі. 
1997 жыл Джонсон жарнама компаниясын құру үшін 2 жас кәсіпкермен бірігеді. Олар қолданушының браузерлік терезесінің жоғарысында жарнама сата бастайды. Программаны орнатқан адамдар жарнамаға қатысты қолайсыздық үшін сағатына 20 цент алып отырған. Джонсон кірістің 30% бөлігін алып отыратын DoubleClick, L90 және Advertising.com сайттарымен бәсекелеседі. «15 жасымда айына $300 000 және $400 000 чек алып отырушы едім», дейді Джонсон 2008 жылғы Forbes журналында. 
Кэмерон Джонсонның тағы бір жобасы CertificateSwap.com. Бұл сайтта адамдар керексіз сыйлық сертификаттарын онлайн сата алады. 2004 жыл 19 жасар Джонсон CertificateSwap.com-ды миллионға сатады. 

Екінің бірі PhotoShop біледі, бірақ осылай ақша табуды көпшілік ойлай бермейді. Бұл жас миллионер бізге қолда бар мүмкіндікпен де миллион табуға болатынын дәлелдеп отыр. Сосын бұл жігіт енді жастайынан еңбектенген, уақытын әлеуметтік желі мен жалған әңгімелесулерге емес, нақты мақсатқа жұмсаған.

Адам Хилдрет. 1999 жыл Адам Хилдрет(14 жаста болған) жаңа әлеуметтік желі іске қосады. Coca-Cola сияқты алпауыт компаниялар желі қолданушыларын мақсатты топ ретінде пайдаланып, жастарға арналған маркетингтік стратегия жасайды. Хилдрет 4 жыл бойы Dubit Limited агенттігінің басқарушы директоры болады. Хилдрет 19 жасқа шыққанда, BBC оны шамамен £2 млн (яғни $3,7 млн) табысымен Ұлы Бритнаияның 20 жас байының қатарына қосады. Тәжірибенің арқасында табылған қомақты қаржы.

blogtime.kz

@. @assel_assanova