- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Жігіт ҰБТ тапсыру...
Жігіт ҰБТ тапсыру үшін "қызға айналды"
Жас жігіт ҰБТ-2015 емтиханын тапсыру үшін "қызға айналды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жас жігіттің фотосы таралып жатыр. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Сипаттамадағы мәлімет бойынша, ол тестілеуге қызы үшін барған.
Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері мұндай жағдайдың болуы мүмкін екенін айтты. Себебі, осыған дейін ҰБТ-2015 сынағының бірінші күнінде Алматыда тестілеуге бір топ оқушының орнына бөтен адамдар кіргені анықталған болатын.
Айта кетейік, тестілеудің алғашқы күнінде емихан 48 пунктте өткізілді. Өтініш берген 19 743 адамның 18 889-ы (95,5 пайызы) ҰБТ-ға қатысты. 27 түлек емтиханнан шығарылды.
"3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 5 рация, 12 роутер мен модем, яғни, тиым салынған 7 725 зат табылды. Орташа балл - 79,7. 3478 түлек (18,4 пайыз) 50 балдан төмен жинады, 3409 оқушы (18,1 пайыз) 100-ден асырды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ҰБТ-ға оқушылардың орнына кірген бөтен адамдар ұсталып, олардың нәтижелері жойылды", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер.
М. Бисембаева