Өмірде мамандық пен жар таңдау ең маңызды мәселе екенін жақсы білеміз. Бала кішкене кезінен немен ойнап, неге қызықса, өскенде де сол мамандыққа қарай бағыт алады. Алайда баласының болашағына алаңдап, мамандықтың табар табысын ойлап, оның шешіміне қарсы келетін ата-ана да бар. Грант көп бөлінетін мамандықты амалсыз оқыған бала да түптің түбінде өзі қалаған салаға кетіп қалады. Сондықтан кім-кімді де қалауынан қашықтатпаған абзал.
Өзіңіз әлі неге қызығатыныңызды, қандай маман болғыңыз келетінін анықтай алмай жүрсеңіз, біз ұсынған нұсқа арқылы байқап көріңіз. Тұлғалық қасиетіңізге байланысты екі типтің жауабына сәйкес бірінің алғашқы әрпін белгілеп отырасыз, өзіңіз таңдаған әріптерді біріктіріп, нәтижесін оқисыз.
1. Күш типіне байланысты
(E) Экстраверт – көпшілік ортада, топтасқан адамдармен, үнемі әртүрлі жағдай болып жататын жерде жұмыс істегісі келеді.
(I) Интроверт – өзімен өзі қалып немесе шағын ұжымда, тыныш жерде қызмет етуді қалайды.
2. Ойлау жүйесіне байланысты
(S) Сенсорик – нақты ұғымдармен: адаммен, ақпаратпен, механизммен жұмыс істеуді жақсы көреді.
(N) Интуит – дерексіз заттармен: теориямен, идеямен, ықтималдықпен жұмыс істегенді құптайды.
3. Құндылық жүйесіне қатысты
(F) Этик – оның құндылықтары есептелетін, өзгелерге көмектесетін жерде жұмыс істеу.
(T) Логик – зейінін іске қосып, мансабы өсетін жерде қызмет қылу.
4. Ішкі ұйымының типі жөнінен
(J) Рационал – барлығы ұйымдастырылған, ретті, құрылымды жерде жұмыс істеуді ұнатады.
(P) Иррационал – ой тереңдігін және бостандықты қалайды, айналасы шашылып жатса да мән бермейді.
Енді таңдаған әріптеріңізге қарай, қандай мамандықтар сәйкес келетінін анықтаңыз.
ESTJ – Басқарушы
Бас директор, Қауіпсіздік агенті, Мектеп директоры, Шеф-аспаз
ESTP – Олқылықтармен күресуші
Қаржылық кеңесші, Сату маманы, Тергеуші, Мердігер, Әскери
ISTJ – Нәтижелі реалист
Экономист, Логистик, Бақылау инспекторы, Жүйе администраторы, Кеңсе менеджері
ISTP – Тез икемделетін техникалық маман
Полицей, Механик, Ағаш шебері, Аппараттарды өңдеу маманы
ESFJ – Мейірбан мамандар
Диета маманы, Косметика білгірі, Мейірбике, Балабақша директоры, Бастауыш сынып мұғалімі
ESFP – Бауырмал әртістер
Ойын-сауық орталығының директоры, Тұтынушыларға қызмет көрсетуші, Хатшы, Дәрігер көмекшісі, Бармен
ISFJ – Ақылды көмекшілер
Әлеуметтік қызметкер, Есепші, Хатшы, Балабақша тәрбиешісі
ISFP – Қолөнер шебері
Зергер, Үй дәрігері, Мал дәрігері, Жөндеу жұмысын жүргізу шебері
ENTJ – Мақсатты басшы
Атқарушы директор, Инженер, Қорғаушы, Дәрігер, Архитектор
ENTP – Шабыттандыратын өнертапқыш
Құрылысшы, Кәсіпкер, Режиссер, Продюсер, Журналист
INTJ – Стратегия данышпаны
Көп салалы қызмет, Сот, Хирург, Микробиолог
INTP – Тәуелсіз ғалым
Инженер, Медициналық ғылыми қызметкер, Математик, Психиатр, Университет профессоры
ENFJ – Шабыт беретін көшбасшы
Мұғалім, Жарнама маманы, Министр, Коммерциялық емес ұйым жетекшісі
ENFP – Қуаттаушы
Санатория қызметкері, Балабақша тәрбиешісі, Ландшафт дизайнері, Мейрамхана басшысы
INFJ – Сезімтал кеңесші
Жазушы, Мектеп психологы, Дизайнер, Балалар дәрігері, Мал дәрігері
INFP – Шығармашылық тұлға
Аниматор, Психолог, Кітапханашы, Жазушы, Суретші