Баласының аяқ астынан өзгеріп шыға келгеніне, оның болмашы нәрсеге ашуланатынына ата-ана түсінбей дал болады. Бірақ, агрессия барлық жасөспірімге тән.
Шамамен 13 жастан бастап 19 жасқа дейін созылатын өтпелі кезеңде жеткіншектердің барлығы дерлік қиналады. Сабақ үлгерімі, тәртібі бүлінеді. Кейбіреулері бірігіп, ересектерге қарсы шығады. Бұл кезең өтпелі.
Бойды кернеген агрессияны жеңгіңіз келсе, өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз. Психологтар мұндай алмастыруды сублимация деп атайды. Мысалы, футбол ойнағанда энергияңыз соған шығындалып, агрессияңыз бәсеңдейді. Ән айтуға бейімі барлар үйде ешкім жоқта бар даусымен жоғары диапозонды әндерді айтуына болады. Ән үйірмесіне де қатысуға болады.
Кейбір жасөспірімдер атыс-шабыс ойындарын ойнауға құмар, үй іші рұқсат бермесе, клуб жағалап кетеді. Сондықтан, ата-ана 1–1,5 сағат болса да баласына ойын ойнауға рұқсат бергені жөн.
Сурет: photo.99px.ru
Оқи отырыңыз:
Жасөспірім қыздарға кеңес
Бейформалды жасөспірімдер арамызда бар ма?
Өмірге қажетті кеңестер
Өтер де кетер жас шағың...