Жасөспірім балаңыз шашын бояп, өзі түсінбейтін тілде музыка тыңдап, сізден алшақтай бастаса, есіңізде болсын, ол өзге ғаламшардан. Оның ғаламшары да Жер деп аталады, бірақ, оның өзіне тән атмосферасы бар. Әрине, ол ауамен демалу сіздің қолыңыздан келмейді. Бірақ, тырысу керек. Жасөспірім физикалық және эмоциялық тұрғыдан еркіндікке зәру: өз бөлмесінде, өз кеңістігінде, өзінің сезімі мен оны жеткізу құқығы және ата-анаға деген тәуелділіктен арылуға деген құштарлық. Тәуелсіз өмір сүруге деген талпыныс түрлі өлшемде пайда болады. Біріншіден, достық қарым-қатынаста. Жасөспірімдер өздеріне достарды отбасыдан тыс адамдардың арасынан таңдайды. Оны балаыңыз отбасылық кешкі асқа келуден немесе отбасылық мейрамдарда бірге қыдырудан бас тартуынан байқай аласыз. Оның орнына достарымен бас қосуды жөн санайды. Ал, оны күштеп апару, күштеп тамақ жегізу қашан да әділетсіздік. Бұл уақытта не істеу керек?Балаңыздан оған не керек екенін сұраңыз. Отбасы болып қонаққа барғаннан гөрі достарымен бір уақыт бас қосу да оған өзіндік пайдасын беруі мүмкін. Оның таңдау құқығы бар, сонымен қатар, бір жаққа баратындарыңызды алдын-ала оған ескерткендеріңіз жөн. Өйткені, олар да сіз секілді жоспарлай бастайды. Оның баруы өте маңызды болса бұйырмай, түсінікті түрде, себебін атап көрсетіңіз. Жасөспірімнің музыкалық талғамы неге жағымсыз? Жасөспірімнің музыкалық талғамы әлемдегі ең түсініксіз нәрселердің бірі. Сіз оның мәтінін тыңдап, ағынасын түсініп, оның ырғағының жылдамдығына таң қалуыңыз мүмкін. Ақылға сыймайды дейтін шығарсыз. Бірақ, мынаны естен шығармаңыз: жасөспірім мәдениетінде музыкадан артық ештеңе жоқ. Жасөспірім ерекшелену үшін де музыканың көмегіне сүйенеді. Баланың музыкалық талғамына сын айта отырып, оны таңдаған балаға да тіл тигізетініңізді естен шығармаңыз. Егер бұл әрекетіңізді уақытында тоқтатпасаңыз олар бір ғана шешім шығарады: ата-анам мені жақсы көрмейді. Жасөспірімнің стилі: Адам секілді киінші деп айтатын ата-аналардың қарасы көп. Жасөспірім шақта бала бәріне еліктейді. Қаңқа бейнеленген бас киімдерден бастап, кең жейделердің өзін атап өтуге болады. Біреу қызғылт түске құмартса, енді бір қара түсті жанына серік етеді. Жасөспірімдер олардың мәдени ортасына сәйкес киінеді. Мұның бәрі уақытша. Сән алмасып отырады. Есейе келе, бұлай киінгеніне өзі де ұялатын болады. Бірақ, дәл сол уақытта оның киімін сынаудың қажеті жоқ. Өйткені, саналы бала болса, сіз қойған шекарадан аспайтыны анық. Сіз қандай жасөспірім болдыңыз?