- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Жаңа форматтағы ҰБТ-да...
Жаңа форматтағы ҰБТ-да дұрыс жауап қалай бағаланды?
ҰБТ-ға қатысушылардың ұпайлары төмендегідей бағаланады.
Түсушілердің ҰБТ-дағы тест тапсырмаларын (3 дұрыс жауаптан артық емес) орындағанын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
– бір дұрыс жауабы бар тапсырма бір балмен бағаланады;
бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларда:
– бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
– бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
– бір дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
– екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
– екі дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
– үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
– үш дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен; бағаланады.
Жауап парақтарын сканерлеуді Министрлік программисті аудиториялар бойынша екі рет жүргізеді.
Жауап парақтары сканерленген соң телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар кодтары файлы жіберіледі.
Дұрыс жауаптар кодтары екі данада басып шығарылады: біреуі жалпы шолу үшін ілінеді, екіншісі апелляциялық комиссия үшін беріледі.
ҰБТ нәтижелерін тестілеу өткізу күні мемлекеттік комиссия хабарлайды және ақпараттық стендте ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижелерімен www.testcenter.kz сайтында танысуға болады.
Г. Берік