Жалықтырса да, пайдаға асар қағидалар

Шынтуайтқа келгенде, олай етпеңіз, былай етіңіз деген кеңестер адамды мезі етеді. Бірақ жауыр болған жаттанды тіркестер деп қарамай, бір сәт әр сөзге зейін қоя оқысаңыз, оны орындасаңыз, шынында да пайдаға жарайтынына көз жетеді. Сенбесеңіз айналаңыздан қағидалармен өмір сүретін адам тауып, өзгелермен салыстырып көріңіз.

Біреуге ренжісеңіз, бірден ұмытуға тырысыңыз, еш нәрсені жүрекке жақын қабылдауға болмайды.

«Адам неге сенсе, сол болады» деп жорамалдаңыз.

Жұмысыңыздың нәтижесі әр күн сайын жақсарып отыруы тиіс.

Үйіңізді ретке келтіріңіз.


«Бенджамина Франклин автобиографиясын» оқыңыз.

Ойша болса да, жоспар құрып жүріңіз.

Әрдайым тартымды болыңыз.

Жаңа технология ойлап табыңыз, ұлылардың ерлігін қайталаңыз.

Алаңдататын жағдайларға «жоқ» деңіз.

Орманда және тауда, табиғат аясында жиі серуендеңіз. Жер-Анамен етене жақын болыңыз.

Жаңалықтарға жуымаңыз.

Көбірек су ішіңіз.

Күн сайын дене шынықтырыңыз. Не жүгіріңіз, не билеңіз, не велосипед тебіңіз.

Өміріңіздегі бес мақсатты айқындаңыз.

Көбірек саяхатқа шығыңыз. Еліңіздегі қалаларды аралаңыз.

Рухани дем беретін тұлғаны табыңыз.

Тамақты азырақ жеңіз.

Төзімді болыңыз.

Топтың ең мықты мүшесі болыңыз.

Бейтанысқа күлімсірей қарап, шуақ шашыңыз.

Қайырымдылық жасауда қол қусырып қалмаңыз.

Ең мәдениетті адам болыңыз.

Өз жұмысыңызға өнер ретінде қараңыз.

Ең жақсысын күте тұра, ең жаманына дайын болыңыз.

Шайлық тастауда жомарттық танытыңыз.

Өзіңіздің мықты тұстарыңызды біліңіз.

Ешқашан берілмеңіз.

Ата-анаңызды мақтан тұтыңыз әрі мақтаны болыңыз.

Өзгені құттықтау сәтін жіберіп алмаңыз.

Көркемөнер галереяларына баруға уақыт бөліңіз.

Көмегі тиген жанға алғыс айтып, хат жазыңыз.

Сынға қуат жұмсамаңыз.

Жақын жандарыңызға ұмытылмас сәттер сыйлап тұрыңыз.

5 ұлы адамнан жақын дос табыңыз.

Күнделікті оқуды әдетке айналдырыңыз.

Барды қанағат тұтыңыз.

Арманыңыздан қол үзбеңіз.

Барынша шынайылықты жоғалтпаңыз.

Ерекше сөздер қолданып сөйлеңіз.

Біреулерге үлгі болыңыз.