Спортшылар, ғалымдар және мұғалімдер – Испаниядағы «ең бақытты мамандық иелері». Бұл «Adecco» халықаралық компаниясы жасаған қорытынды, деп хабарлайды bnews.kz espanarusa.com сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, сауалнама барысында спортшылардың 98,9%-ы, мұғалімдердің 95,15%-ы және ғалымдардың 94,45%-ы өздерінің кәсіптік міндеттерін бар ынтамен орындайтынын айтты. «Бақыт индексі» бойынша 90%-дық көрсеткішке адвокаттар (92%), медициналық қызметкерлер (91,67%) мен суретшілер (91,18%) жетті. Рейтингтің бас жағында психологтар, журналистер мен өрт сөндірушілер де бар
сурет: hq-oboi.ru