Гарвард туралы шындық: құрылу тарихы, танымал түлектері мен билік орындары

Ең әйгілі, ең бай, ең көне, ең беделді және тағы да ең бай америкалық университет. Студенттерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы дәріс оқитын, ал диплом - балалық шағынан барлық мансапкерлердің арманы болған, жоғары элитаға өтуге мүмкіндік береді.  Шынында басқаша университет: Lvy лигасы, жасыл көгалдар, көне кітапханалар мен жоғары курстардың  сауық кеші. Бүгін біз әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірі - Гарвард студенттерінің қаншалықты бақытты өмір сүріп, оқып жатқанын білеміз.

Тарихы

Гарвард университетінің негізі ағылшын колонияларының Америка жеріне табан тірегеніне небәрі 16 жыл өткенде, 1636 жылы қаланған. Алғашқы жылдары Гарвардта жалғыз оқытушы мен тоғыз студент болған. Олар библиялық мәтіндерді, латын және математиканы зерттеді. Айтпақшы, Джон Гарвард университеттің негізін қалаушы емес, әдетте солай саналады. Ол тек өзінің  кітапханасын және байлығының жартысын сыйға тартқан адам ғана болды. Дегенмен, тарихта қайырымдылық әрекеті үшін есімі сақталып қалды.

Құрылымы

Гарвард - кез келген ғылымды зерттей алатын көпсалалы университет. Мұнда бакалавр, магистр, ғылым докторы дәрежесі мен МВА дипломын алуға болады. Алайда жоғары біліммен бакалавриатқа түсуге болмайды. Себебі Гарвард  Liberal Arts позициясын ұстанады, яғни сіз бакалавриатта белгілі бір мамандық иесі емес, жалпы білім аласыз. Студенттер талғамына қарай кез келген курсты таңдап, ғылым бакалавры деңгейінде бітіреді. Сондықтан шетелдіктер АҚШ азаматтарымен бірге жалпы негіздерге түседі. Қазіргі уақытта Гарвардта 20 мыңға жуық студент оқиды, олардың көпшілігі  MBA мен магистранттар.

Гарвардтың территориясы – 85 гектардан астам. Гарвард бизнес мектебі өзеннің басқа жағында орналасқан. Аумағы – 145 гектар. Бар болғаны үш кампусының арасында транспорттық байланыстар орнатылған. Тіпті метро станциялары да бар. Сондықтан Гарвардта өмір сүру әдеттегі қалада тұрғанмен бірдей. Мұнда өздерінің арнайы супермаркеттер, мейрамханалар тіпті, қылмыстық топтар да бар. Иәә, жаңылыс естіген жоқсыз. Статистика бойынша, 2006 жылдан 2008 жылға дейін Гарвард аумағының кампусында 48 зорлық, 10 тонау, 15 шабуыл, 750 ұрлыққа жол берілген. Кез келген қаладағыдай, Гарвардта өзінің арнайы элиталық аудандары бар: студенттің оқудағы жетістіктеріне қарай «үйлерде» қоныстанған. Гарвард ауласына жақын орналасқан әкімшілік ғимараты мен тұрғын үй  бөлектенген. Ал басқалары жатаханада тұрады. 

Гарвардта Массачуетс штатының ең үздік кітапханасы орналасқан. Сондай-ақ өзінің жеке өнер музейі, театр, телеарна мен газеттері бар. Мисс пен Мистер байқаулары және фестивальдер өтеді. Гарвардтың ең танымал әрі көрнекі жерлерінің бірі Гарвард көпірі.

Қалай түсуге болады?

Гарвардта тамыр-таныстықпен түсу мүмкін емес. Тіпті сен президенттің ұлы болсаң да. Қабылдау комиссиясына тек оқудағы жетістіктерің мен марапаттарыңды ұсына аласың.  SAT–ты тапсырғаннан кейін, талапкерлер университетке құжаттарын тапсырады. Баллдың төмен болуы ескерілмейді. Кез келген талапкер өтінім бере алады. Бірақ ескере кететін нәрсе, 2400-ден, 1900 алсаңыз, бұл орташа балл. 30 000 үміткердің арасынан бағы жанған тек 2000 адам ғана университеттің Джонатан бас қақпасы арқылы өтеді. Әрбір кандидаттың өтінішіне, қабылдау комиссиясында екі адамнан қарайды. Ал байдың балаларын қабылдағанын қалай білуге болады? Университетте, миллионерлердің балаларына, оқу орынның зерттеу орталығына жаңа құралдар сатып алу үшін берілген арнайы дотация бар. Бірақ ережесі қатаң. Алдымен, мектеп аттестаті, емтихан нәтижесі, сосын барып, қабылдау мен оқу ақысы.

Қалай өмір сүреді?

Гарвардта сізге кредит картасы қажет болады. Оқудың жылдық бағасы 30 мың доллардан басталады. Күнделікті тұрмыстағы шығынмен ол, шамамен 50 мың доллар болады. Бұл баға ең қарапайым теология институында. Ал Гарвард құқық мектебі, ең беделді институт болып бекер саналмайды. Себебі бұл жерде (студенттің машинасы) Mersedes–тің S классын кездестіретін жалғыз тұрақ. Дегенмен, студенттер де қалыс қалмайды. Көбісі шәкіртақы алады, одан болмаса жергілікті кафеде немесе кафедрада жұмыс істейді. Қаржыландырудан тыс қалғандар мен грантта оқымайтындардың тапқаны 40-90 пайызы оқу ақысын төлеуге жұмсалады. Ал аспиранттар оқу ақысын толық төлеуге мүмкіндік алумен қатар, профессордың асистенті немесе ғылыми орталықта жұмыс істей алады.

Студенттер

Егер сіз Гарвардтың студенттерінің көбісі азиаттықтар шығар деп болжасаңыз, онда... дұрыс айтасыз. 2009 жылғы статистиканың көрсетуі бойынша, математика және инженер факультетінде оқитын студенттердің басым бөлігі Азиялықтар болған. Тіпті 1900 жылдан бері Гарвардтпен ынтымақтастықтағы MIT-дің өзінде мұндай нәтижемен мақтана алмайды. Мұнда атағы жер жарған байдың да, имигрант кедейдің де баласы білім алады. Спортшылар, болашақ дәрігерлер, дизайнерлер велосипед айдайды, футбол ойнайды, шөпте отырып, сэндвичтерін жеп, бәрі бірге ынтымақтастықта өмір сүреді. Оларды әлемдегі ең үздік университеттердің бірінде оқуға мүмкіндік алуы, нәсіліне немесе дініне қарамастан, бәрін біріктіреді.

Гарвард -  8 АҚШ президенті, 75 Нобель сыйлығы лауреаты атанған, түлектерімен ғана емес, өз уақытында университеттен шығып кеткенімен, өмірде жетістікке жеткен, танымал студенттерімен мақтана алатын санаулы университеттердің бірі. Олардың ішінде: Билл Гейтс, Мэтт дэймон, Марк Цукерберг және Уильям Херст.

Қысқаша нұсқаулық

Жоғарыда айтылғандай, Гарвард - нағыз қала. Сондықтан Рим заңында атап өтілгендей, бірінші курс студенттері сенбі кештерін өткізетін өзіндік күш орталықтары, ең танымал кітап дүкендері мен барлар бар.

Lvy лигасы( Lvy League)  - Америкадағы сегіз көне университеттің ассоциациясы: Гарвард, Принстон, Иель, Браун, Колумбия, Корнелл, Дартмут және Пенсилвания. Бұл лига АҚШ-тағы беделді жоғары білімнің эталоны болып саналады.   

Schoenhof’s —   шетел әдебиетінің жинақтарымен әсер қалдыратын кітап дүкені. Мұнда исландтық халық ертегілерін және кеңестік жинағын таба аласыз. Барлығы түпнұсқада.

Crema Café — дәмді алма шайы, кофе және панини бар кофехана. Мезі қылған Старбакс кімге қажет дейсіз?

Harvard Book Store — бұл дүкенге (тек Гарвард студенттері ғана емес) бүкіл штаттан адамдар келеді. Бұл елдегі ең үздік кітап дүкені. Студенттер кітапханада емес, дәл осы жерде өзіндік жұмыстарын жазады. Осы жерде ғашық болады және бос уақыттарын өткізеді. Бұның бәрі тегін уайфай, ыңғайлы диван мен кофенің арқасында іске асып отыр.

Bartley’s Burgers - асхана мен сэндвичтен жалығып, оқудағы жетістіктерін атап өткісі келгенде, студенттер осы жерге келеді. Бұл мекемедегі орташа чек әлдеқайда жоғары, бірақ атақтылардың құрметіне аталған, гамбургерлердің дәмділігінің мүмкін еместігі, соған тұрарлық. Тед Кеннедидің гамбургерін жеке ұсынады!

Border Cage – Гарвардтағы үздік мексикалық бар. Мұнда маргаританың бөліктерін үздік студенттердің миының көлеміндей етіп өсіреді. Ал бірінші курс студенттерінің жыл сайын өтетін сауық кешіне, тіпті жоғары курстар да баруды армандайды.

дереккөз: bilim-all.kz