Gap year дегеніміз не?

Gap year дегеніміз не?
Фото: envato.com

Gap year — мектеп бітіргеннен кейін, жоғары оқу орнына түспей бір немесе бірнеше жыл демалуға немесе өзі қалаған іспен айналысуға мүмкіндік беретін уақыт аралығы. Бұл шетел тәжірибесінде кеңінен қолданады. Ол студенттерге саналы түрде мамандық таңдауға және жақсырақ оқуға мүмкіндік береді.  

Gap year дегеніміз не?
Gap year ағылшын тілінен аударғанда "бос жыл" немесе "аралық жыл" деп аударылады. Бұлай мектеп бітірген уақытпен университетке түскен уақыт аралығын айтады. Мектеп түлектері белгілі уақыт демалыс алып, сол уақыт аралығында жұмыс істеп, саяхаттап, тіпті тағылымдамадан өтуі мүмкін. Gap year тек бір жылға созылады деген түсінік бар. Бірақ адам өзін танығанша, керек саланы таңдағанша бір жылдан бірнеше жылға дейін демалыс ала алады. 

Gap year батыс елдерінде кеңінен танымал. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 8000 түлек мектептен кейін шағын демалыс алады. Олардың 90%-ы кейін жоғары оқу орнына түседі. Олардың басым бөлігі Gap year оларға оқуға саналы түрде кірісуге және білімнің маңызы жоғары екеніне сеніммен қарауға мүмкіндік бергенін айтады.  

Түлектердің бұндай ойларын коммерциялық емес қорлар қолдайды. Мысалы, Gap year америкалық ассоциациясы студенттерге бұл аралықта керек бағдарламаларды табуға көмектесіп, тіпті субсидия бөледі. 

Gap year алудың жағымды жақтары:
- Бірнеше жыл оқу мен емтиханнан кейін демалу және күшті қалпына келтіру;
- Өзін-өзі тану, саналы таңдау жасау;
- Керек университетке түсу үшін білімді арттыру;
- ҰБТ қайта тапсыру мүмкіндігі;
- Еңбекке араласу;
- Саяхаттау, әлемді көру.

Gap year алудың жағымсыз жақтары:
- Қоғамның қабылдаумауы және ата-ананың түсінбеуі;
- Бір жылдан кейін оқуға деген мотивацияның жоғалуы;
- Ер балалар үшін әскерге шақыру қаупі;
- Бірнеше жылдан кейін жоғары оқу орнына түсуі психологиялық тұрғыдан қиын;
- Қоғамның бұл шешімді сәтсіздік деп санауы.

Соған қарамастан, Қазақстанда жыл санап бұл тәжірибені іске асырушылар саны артып келеді. Егер әлі де өзіңізге сенімсіз болсаңыз, бос нәрсеге уақыт құртқанша, бір жыл демалыс алуға кеңес береміз.

Т. Есқали