Калькулятор қолдануға үйреніп қалғанымыз соншалықты, кей жағдайда қарапайым есептерді де шеше алмай ойланамыз. Бүгінгі материалда калькулятордың көмегінсіз есептеудің тиімді әрі жеңіл бес жолын айтамыз.
1. Беске көбейту
Санды 5-ке жеңіл көбейту үшін, алдымен санды 2-ге бөліп, содан соң 10-ға көбейткен жөн. Бірақ ол сіздің үйреншікті есептеу жолыңызға да байланысты. Біреулерге 5-ке көбейткен ыңғайлы.
Мысалы: 22 х 5 = 110 немесе 22 / 2 = 11, 11 х 10 = 110
2. Төртке көбейту
Санды 4-ке көбейту кезінде көбейту кестесін еске түсіріп отырудың қажеті жоқ. 2-ге екі рет көбейту арқылы есептеген жеңілге түседі.
Мысалы: 9 х 4 = 36 немесе 9 х 2 = 18, 18 х 2 = 36
3. Үшке бөлінгіштігін тексеру
Кез келген санның 3-ке бөлінетіндігін білу үшін сол санды құрауыштардың қосындысы 3-ке бөліну қажет.
Мысалы: 126, 1 + 2 + 6 = 9. 9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 126 саны да 3-ке бөлінеді.
4. Үш таңбалы санды 1001-ге көбейту
Үш таңбалы сандарды 1001 санына қарапайым жолмен көбейтуге болады. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткен кезде, сол бірінші көбейткіш сан екі рет қайталанады.
Мысалы: 589 х 1001 = 589589
5. Тоғызға көбейту
Егер санды ойша 9-ға көбейту қиынға түссе, сол санды алдымен 10-ға көбейтіп, одан сол бастапқы санды азайтып тастаңыз.
Мысалы: 24 х 9 = 216 немесе (24 х 10) - 24 = 240 - 24 = 216