- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Достар болады сан...
Достар болады сан қилы...
Фото:
qamshy.kz
Достық деген не өзі? Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Өйткені, бұл – жауапсыз сұрақ. Қазақта «Сен маған досыңды көрсет, мен саған кім екеніңді айтамын» деген мәтел бар. Өзімізше өміріміздегі сәттерді саралап, достықты екіге жіктейміз: адал және амал. Дегенмен, бір қиындықта қол ұшын созбаған адамды «адал дос» деген атағынан айырып тастауға бола ма? Ойланып көріңізші...
– Айналаңыздағы кейбір адамдарға сізді қолдайтынын әрі түсінетінін біліп бәрін айта аласыз. Бірақ, ол сіздің туған күніңізді де білмеуі мүмкін.
– Ал, кейбір адамдар сіз туралы бәрін біледі. Сіз жасаған қателіктерді әркез кешіреді. Бірақ, сізді қолдауға келгенде осалдық танытады.
– Біреулермен жиі араласпайсыз, бірақ әр жүздескен сайын өзіңізді бақытты сезінесіз.
– Кей достарыңызды бала кезінен білесіз. Ортадағы үзілістерге қарамастан онымен қарым-қатынасыңыз жақсы.
– Кейде бір көріп, жаңа танысқан адамға бірден бауыр басып, әп-сәтте жақын достарға айналасыз.
– Кездескен әрбір сәттеріңіз күлкімен өтетін, көңіліңізді марқайтып, қуаныш сыйлайтын әзілкеш достырыңыз да бар.

Осындай жандардың ортасында жүріп, өзіңізді «доссыз адам» деп есептейсіз бе? Әлде қолдау таныта алмағанның бәрі амал дос па?
Достық, махаббат бұның бәрі қарым – қатынасқа құрылатын сезімдер топтамасы. Құрамы бірдей: шынайылық, жылулық және сенім. Егер, қасыңыздағы адамға деген сеніміңіз жоғары болса, оның қасында өзіңізді еркін сезінсеңіз, "досым" деп қорықпастан айта беріңіз. Адал және амал ұғымдарын ойлап тапқан адам, ал, сіз тек бір ғана түсінікті қалыптастырыңыз. Ол "достық" деп аталсын.