Желтоқсанның аяғы студенттер қауымы үшін өте қарбалас уақыт. Емтиханның аяқталуға жақындауы, есіктен сығалап қарап, табалдырықтан аттағалы тұрған жаңа жыл, туған ауылға асығыс, қайтар жолға билет алу, үйдегілерге сыйлық таңдау мұның барлығы студенттің тізімінде тұратын жыл соңындағы негізгі оқиғалар. Емтиханнан сүрінбей өткен жағдайда, әрине. Әр семестрде міндетті түрде 1 сабақ студентті қинайды. Оның кедергісінің арқасында, студент не шәкіртақыдан айырылады, не жазда қайтадан оқу бақытына ие болады. Осылайша, өкінішіне орай, бағы жанған студенттер деканаттың есігін торлайды. Университеттегі қарбалас осы жақта орын алады. Сабақтарын 4-ке жаба алмағандар А4 парақтарын қолына ұстап, әдемілеп жазған арызын деканда қарызы бар адамша кобинетінің алдында телміріп күтеді. Мақсаты, қол қойдыру. Өтініші бойынша керекті бағаға қол жеткізу. Декан факультеттің басшысы. Факультеттің қарамағында бірнеше кафедра бар. Мамандық бойынша бөлінген әр кафедраның меңгерушілері деканның тапсырмасын орындайды. Деканат студенттермен байланысатын орын. Тәлім алушының қандай да бір сұрақтары болса, осы жерге келіп, мәселесін шеше алады. Декан сөзінің шығу тарихына зер салсақ, бұл атау Италиядан бастау алыпты. Ежелгі Рим әскеріндегі жауынгерлер 1 шатырда 10 адамнан тұрды. Әр шатырдағы осы 10 адамның басшысын декан деп атаған екен.