Жоғарғы сынып оқушылары көп жағдайда емтиханның әлегімен жүреді. Оған қоса тест жаттау, күрделі даталарды есте сақтау, есептерді формулаға сай шығару сынды дүниелер де миға салмақ салады. Көп жағдайда қыздар қауымы әлсіреп, тез күйзеліске ұшырайды. Жігіттер қауымы сыртына білдіре алмайтындықтан, ішкі депрессияға түседі. Осы тұрғыда қандай шараларды қолданған жөн?
1. Таза ауамен көбірек тыныстаңыз. Автобуспен, көлікпен емес жаяу жүруге дағдыланыңыз. Миыңызға оттегі барған сайын өзіңізді сергек сезінесіз.
2. Асқазаныңызға абай болыңыз. Тамақтанып болған соң бір шыныаяқ шай ішсеңіз, іштің кебуінен сақтанып, ас қорыту жүйесін жақсартасыз.
3. Көбіне кептірілген жеміс жеуге тырысыңыз. Мысалы: қара өрік, қақ өрік, інжір секілді кептірілген жемістер дәрумендер мен микроэлементтерге бай.
4. Қара шоколад жеуге тырысыңыз. Оның қан тамырының жақсы айналуына пайдасы зор. Миға да көп салмақ түсірмейді. Қант мөлшері де шамадан артық емес.
5. Көзіңізге көбірек жаттығу жасаңыз. Әлеуметтік желілерде көзге арналған арнайы жаттығуларды күнделікті жасап отырсаңыз, өзіңізге пайдаңыз тиері сөзсіз.
6. Сүт өнімдерін көбірек ішіңіз. Адам ағзасына керекті дәрумендердің көпшілігін сүт өнімдерінен кездестіруге болады.
7. Ұйықтар алдында көп оқыған дұрыс емес. Керісінше ертерек жатып, таңғы сағат 4-5 шамасында қайта тұрып, оқысаңыз миыңыз тез қабылдауға бейім болады.
8. Асығыс тамақтанбаңыз. Жеңіл даярланады екен деп бутерброд жей салу ағзаға өте зиян.
9. Оқығаныңызды жазып дағдыланыңыз. Жазған сайын есте сақтау қабілетінің артатыны белгілі.
10. Салқын су қабылдап жүруге бейімделіңіз. Адамның бойы салқынға неғұрлым үйренсе, соған сай сергек болатыны айқын.
Аталмыш кеңестерді пайдаға жаратам десеңіз өз еркіңіз. Күнделікті калорияңызды қалыпты нормада ұстап тұруға тырысып көріңіз. Іске сәт!!!