Болашақта қоғамға қажет мамандықтар #2

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.

Басы

Күн электростанциясының инженері

Күн, жел, судың көтерілуі мен төмендеуі – энергияның өзегі. Күннен энергия алу қазіргі кезде жүзеге асып келе жатыр. Сол үшін де осы бағытта жұмыс жасай алатын энергетика саласында білімі бар техникалық мамандар қажет.

Үлкен ақпараттармен жұмыс жасайтын менеджер

Компьютерлік технологияны жетік меңгерген адам бұл қызметті атқара алады. Ақпараттық қызметті жүзеге асыру, олардың дереккөзін табу, сандармен жұмыс жасау, ғарыштан суреттерді жүктеу, олармен жұмыс жасау, көліктер мен теле-, смартфондардағы GPS-сигналдарды бақылау, банк тұтынушыларының аударымдарын қадағалау, есептегіштерді зерттеу секілді адамзат баласына қажет маңызды қызметтерді атқару осы менеджерлерге жүктеледі.

Жол апаттарының сарапшысы

Бұл мамандар жол апаттарының санын азайтуға көмектеседі. Олар бейнебақылау, метеостанция, жол апаттарының санын есептейтін аппараттармен жұмыс жасай алуы қажет. Сонымен қатар, жекелеген қаладағы көлік саны, жолдардың бүлінуі, апаттық жағдайларға да жауап береді.

Вирус сарапшысы

Алғаш компьютерлік вирустар 1971 жылы пайда болған. Содан бері көптеген адамға және жекелеген компанияларға зиянын тигізіп келеді. Олардың көзін жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалар жасалып келеді. Бірақ вирустың қарасы азаяр емес. Вирус сарапшылары осы кедергімен айналысып, вирустың өзегін тауып, оны біржола жоюдың амалын іздейді. Сонымен қатар, сарапшылар жаңа вирустардың тууын болжай алатын болады.