2015 жылдан бастан Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі құпия сақталады, - деп хабарлайды YK-news.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Ұлттық тестілеу орталығы №36 бөлімшесінің басшысы Людмила Гейцманның айтуынша, бұған дейін тестілеудің қорытындысы жеткіншектер арасында дау туғызып, тестілеуге қатысушылардың басқаларының үстінен арыз айтуы көбейіп кеткен.
Айта кетейік, енді ҰБТ кезінде жинаған балды үйден шықпай-ақ білуге болады. Тест нәтижесі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады. Нәтижені білу үшін сайтқа кіріп ЖСН мен түлекке тест тапсыру үшін берілген жеке кодты теру керек.