IT саласы бойынша әлемдегі үздік 5 университет

IT саласы бойынша әлемдегі үздік 5 университет
Фото: freepik.com

Әлем университеттерінің рейтингін жариялайтын "QS"компаниясы ақпарттық технологияны (IT) оқыту мен осы сала бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуі бойынша үздік университеттер тізімі "QS computer science ranking 2019"  жарияланды. Соңғы он жылдан бері алғашқы ондық аса өзгере қоймады. 

Тізімде 35 елден рейтингте 200 университет көрсетілген: араларында Америка Құрама Штаттарының университтері көш бастап тұр. Топ-200 ішіне 40 америкалық университете, Ұлыбританиядан 18 университет,  Аустралиядан 15 университет, 13 Германия университеті, Канада, Қытай мен Жапониядан 8 университет қатарда. 

Алғашқы бестік:

1. Массачусетс Технологиялық институт (АҚШ)Картинки по запросу массачусетский технологический институтҚұрылған жылы: 1861
Оқу ақысы: жылына шамамен 41,545 USD
QS World University Rankings тізімінде Массачусетс технологиялық институті (MIT) бірнеше жылдан бері көш бастап тұр. Әлем бойынша өткізілген сауалнамада университет өз бағасын академиялық беделі үшін алған.  

2. Стэнфорд университеті (АҚШ)

Картинки по запросу стэнфордский университет

Құрылған жылы: 1891
Оқу ақысы: жылына шамамен 40,880 USD
АҚШ–тың шуақты аймағы Калифорния штатында орналасқан Стэнфорд Массачусетс университетінің басты бәсекелесі болмақ. Стэнфорд бағалуда жұмыс берушілер арасындағы беделі мен академиялық беделі көшбасшыдан сәл төмен болғанымен, зерттеу саласы бойынша жоғары бағаланған.

3. Карнеги-Меллон Университеті(АҚШ)Картинки по запросу карнеги меллон

Құрылған жылы: 1900
Оқу ақысы: 47,000 USD
Карнеги-Меллон Университеті компьютер ғылымы бойынша сауалнамаға қатысушылар арасында жоғары бағаланған. Одан бөлек, университет болашақ мамандарды дайындауға жоғары дәрежеде көңіл бөледі. Технологиялық Университет жоғары жалақы алатын студенттерді дайындау рейтингінде көш бастаған. Сонымен қатар, Қазақстандық Университет IITU серіктесі. 

4. Берклидегі Калифорния Университеті  (АҚШ)Картинки по запросу калифорнийский университет в беркли

Құрылған жылы: 1866
Оқу ақысы: 42,802 USD
Бұл университеттің басты жетістігі зерттеу жұмысына толықтай мүмкіндіктің болуы. Технологиядан бөлек, бұл жерде жаратылыстану ғылымдары кеңінен оқыталады. Бұл университет қабырғасында химиялық элементтердің ашылуы жүзеге асқан. 

5. Кембридж университеті (Ұлыбритания)Картинки по запросу кембридж

Құрылған уақыты: I ғасыр
Оқу ақысы: 21,447 EURO
Университет түлектері жұмыс берушілер арасында беделді болғанымен, әлі күнге дейін академиялық және зерттеу жұмыстары бойынша төмен бағаланады.

Т. Есқали