- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- 2020 жылы ҰБТ...
2020 жылы ҰБТ қағаз форматында өтеді
Фото:
matritca.kz
Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде 2020 жылы ҰБТ электрон форматта өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта біз компьютерлік тест бастау мәселесін тексеріп жатырмыз, бірақ бұл қағаз форматынан кету деген сөз емес. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әртүрлі ақпарат жүр. Оның бәрін жоққа шығарғым келеді және маусымда ҰБТ (соның нәтижесінде оқуға грантқа түсетін түлектер анықталады) қағаз форматында өтеді", - деді Смағұлов.
Ол 2021 жылы қағаз тестілеуін компьютерлік тестілеуге толық ауыстыру жоспарланғанын түсіндірді.
Massaget