- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- 2015 жылы ҰБТ-да...
2015 жылы ҰБТ-да орынсыз сұрақтар болмайды
ҰБТ-да орынсыз сұрақтар болмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бақылау комитетінің орынбасары Саят Нүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, ҰБТ сұрақтарын өз саласының мамандары дайындап жатыр.
Мұнымен қатар, Нүсіпов жасөспірімдердің өз-өзіне ҰБТ-ға бола қол жұмсағаны дәлелденген жоқтығын айтты.
«Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде кездеседі. Қоғамда мұндай қайғылы оқиғалар болып тұрады. Меніңше, мұндай жағдайлар психологиялық күйзеліске байланысты туындайды. Біз әрбір оқиғаны зерттейміз, психолог мамандар да жұмыс істейді. Бірақ мен нақты ҰБТ-ға бола біреудің өзіне қол жұмсағаны туралы білмеймін», - дейді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бақылау комитетінің орынбасары Саят Нүсіпов.
Қ. Бүйенбай