- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- 2015 жылы Қазақстан...
2015 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарына қанша грант бөлінді
Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев алдағы оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі жайында айтып берді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдағы білім берудің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тапсырыс көлемі - 39 994 орын, оның ішінде бакалавриат - 32 168 грант, магистратура - 7 241 грант, докторантура - 623 грант. Мемлекеттік тапсырыста алдағы жылдардағыдай техникалық мамандықтар көш бастап тұр - 42,4 пайыз", - деді вице-министр Астанадағы алқа отырысында.
Оның айтуынша, бұл жылдағы ерекшелік гранттардың тіл бойынша үлестірілуінде - қазақ бөліміне 75 пайыз және орыс бөліміне 25 пайыз. "Мұндай шешім қазақ бөліміндегі конкурсты есепке алудың және межелік балдың деңгейінің негізінде қабылданды", - деп түсіндірді ол.
Е. Жұмабайұлы