2014-2017 жылдары жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар

Егер дәл қазір жоғарғы сынып оқушысы болып, қандай мамандық таңдау керектігін білмей жүрген болсаңыз, мамандардың 2014-2017 жылы жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы пікірін оқып көріңіз. 

Инженер мамандығы үштікте көш бастайды

Сарапшылардың айтуынша, болашақ техникалық мамандықтардың қолында. Ал бұл салада табысқа жету үшін техникалық, экономикалық және заңгерлік біліміңіз болуы тиіс. Әлемдік деңгейдегі серіктестік күн санап дамып жатқандықтан, шет тілін меңгерудің маңызы зор. Жалпы көрсеткіштерді ескерсек, сұраныс тек өсе бермек. Мұнымен қатар жас мамандар қай салада жүрсе де, бірнеше қызметті қатар алып жүруі тиіс. Бір ғана техникалық білім жеткіліксіз болады. Өнеркәсіп саласында жоғары әрі сапалы біліммен қатар техниканы игеру қабілеті де ескеріледі. Сондықтан практикаға да мән берген жөн. 

Екінші орын IT мамандар мен бағдарлама құрастырушыларға, графикалық интерфейстер дизайнерлеріне тиесілі

Бағдарламалық жабдықтау саласы барлығынан да жылдам дамуда. Ал оны меңгерген мамандар кем дегенде алдағы 10 жыл ішінде үлкен сұранысқа ие болады. 

Ал үштікті нано мамандар бекітеді

Жақын уақыттың ішінде нано мамандар барлық салада керек болады. 

Ал төмендегі мамандықтар жақын болашақта сұранысқа ие болады деп күтілуде:

Қызмет көрсету саласындағы мамандар

Сарапшылардың болжауынша, офтальмолог, уролог, сынықшы сынды жеке практикадағы дәрігерлерге, мейрамхана, шаштараз қызметкерлеріне сұраныс артады. 

Логистер

Олар материалдық құндылықтарды, ақпаратты басқарады. Ал әлемдік серіктестіктің қарқынды дамуын ескерсек, олар да жоғары сұранысқа ие болатыны анық.

Экологтар

Уақыт өте келе адамдар табиғатты қорғау, сақтап қалу мәселелері туралы ойлана бастайды. Көбі бұл іспен жүрек қалауы бойынша айналысатын болады. Алайда қалаушылардың физика, биология, химия саласында барынша білімді болғаны дұрыс. 

Энергетиктер мен химик мамандар бірігіп отынның қайнар көзін іздейтін болады. Әрине, дәл қазір мұнай бар, бірақ оның қоры таусылатыны анық. 

Маркетологтар

Дәл қазір бұл мамандыққа деген сұраныс күрт төмендеуде. Олар банк, сақтандыру сынды салаларға қажет болады.

Ал Сіз қандай мамандық таңдадыңыз, немесе басқа салаға ауысқыңыз келмей ме? 

Сурет: voxpopuli.kz сайтынан