- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- 2-3 маусым күндері...
2-3 маусым күндері өткен ҰБТ нәтижесі
Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күні өткізілді. 2-3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37066 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 26592, орыс тілінде – 10474 бітіруші тестілеу тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 2 бітіруші жинады:
- Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия», тестілеуді М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған;
- Мұстафина Риана Еркінқызы, «№59 мектеп-лицей ММ-і», тестілеуді Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Астана қаласы) тапсырған.
Тестілеу бірінші күні 48 ҰБТӨП-тің, екінші күні 59 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 33 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 3 бітіруші;
- тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 19 бітіруші;
- ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 8 бітіруші;
- тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;
- емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші;
- рацияны қолданған – 1 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның қысқаша нәтижелері келтірілген:
№ | Уақыты | Өтініш саны | ҰБТ-ға қатысты | 50-балдан төмен алғандар | Бес пән бойынша 100-ден жоғары | Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар | ||||||||
бар лығы | қазақ ша | орыс ша | бар лығы | қазақ ша | орыс ша | бар лығы | қазақ ша | орыс ша | бар лығы | қазақ ша | орыс ша | |||
1 | 02.06 | 19743 | 14040 | 5703 | 18889 | 13547 | 5342 | 3470 | 2304 | 1166 | 3411 | 2473 | 938 | 889 |
2 | 03.06 | 19326 | 13528 | 5798 | 18177 | 13045 | 5132 | 2895 | 2058 | 837 | 3211 | 2234 | 977 | 643 |
БАРЛЫҒЫ | 39069 | 27568 | 11501 | 37066 | 26592 | 10474 | 6365 | 4362 | 2003 | 6622 | 4707 | 1915 | 1915 | |
% | 100 | 70,562 | 29,438 | 94,873 | 71,742 | 28,258 | 17,172 | 68,531 | 31,469 | 17,865 | 71,081 | 28,919 |
|