Массагет сайты Құтқарушылар күнімен құттықтайды

Массагет сайты Құтқарушылар күнімен құттықтайды
Фото: tengrinews.kz

Бүгін, 19 қазан – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Комитетіне қарасты құтқарушы қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Түнгі ұйқымыздың тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген ерлерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.

Өз ісінің нағыз шебер мамандарына сарқылмас күш-қуат, сан жылдық денсаулық, батылдық пен ептілік, мәрттік пен елгезектік, сезгіштік пен сақтық серіктеріңіз болсын дейміз. Кез келген жағдайда арқа сүйейтін, қиындыққа тастамайтын жолдастарыңыз жандарыңызда болғай.

Күнделікті тынбай еңбек ететіндеріңіз үшін, өз жандарыңызды аямастан өзгенің өмірін құтқаратындарыңыз үшін, адамдық, азаматтық болмыстарыңыз бен кең жүректеріңіз үшін барша ел сіздерге алғысты. Сіздер барда біз үшін найзағай да, көшкін де, от та, тасқын да еш қорқынышты емес.

Адам өмірінің қымбаттылығын, қадірін сіздерден артық түсінетін жан жоқ. Басқаларға жасаған жақсылықтарыңыз алдарыңыздан шығып, өздеріңізге мың есе боп оралсын.

Әр ауысымнан келгенде сізге деген махаббатпен, мейіріммен, адалдықпен жанын шүберекке түйіп күтіп отыратын отбасыңыз аман болсын! Тек жүректегі махаббат оты ешқашан сөнбесін деп тілейміз!

@. @assel_assanova