Адамзат тарихындағы ең үлкен жарылыстар

Адамзат тарихындағы ең үлкен жарылыстар

Адамдар кезінде ядролық энергия жер бетіндегі барлық қуат көзінің мәселесін шешеді деп түйді. Әрі бұл тұжырымға қол жеткізе алды. Уақыт өте келе Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін атом энергиясын қару көзі ретінде емес, адамдарға пайдалы зат деп қарастырды. Бірақ пайдалы дүниенің зияны да жоқ емес. Тіпті асып кетті...

Техас оқиғасы

1947 жылы 16 сәуір күні АҚШ тарихындағы ең үлкен жарылыс болды. Grandcamp француз жүк тасымалдау кемесі жағалауға аммони нитроны бекітілген бөшкелерді алып келді. Бұл химиялық зат ядролық қаруды сынақтан өткізу үшін керек еді.

Дәл осы кезде темекі шегіп тұрған адамдар қатарынан жел арқылы ұшып келген, тұтанған тұқыл дәл осы бөшкелердің қасына түсіп, жарылыс болады. Жарылыс қатты болғаны сонша, маңайындағы құрлыстың бәрін жермен-жексен етті. 500 адам қаза тауып, 28 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды. Қалада уытты газдың иісі жарты жылға дейін кетпей тұрған. Осыдан кейін барып аталған химиялық затты тасымалдауға арнайы қауіпсіздік шаралары жасалды.

«Титан ІІ» ракетасының жарылуы

1980 жылы 18 қыркүйек күні Шам қаласында үлкен жарылыс болды. Басты себеп – зымыран (ракета). Экипаж мүшелері АҚШ-тың BBC техникалық ұжымы тапсырған тапсырманы орындамай, өз алдарына жұмыс әрекетін жасау салдарынан осы жарылыс орын алып отыр. Айта кету керек, бұл жарылыс Хиросима мен Нагасакиге түскен атом бомбасынан артық болмаса, кем болмаған.

Паломар оқиғасы

1966 жылы 17 қаңтар күні он екі В-52 бомбылаушы ұшағы су асты бомбасын тасымалдап сынаққа аттанды. Басты себеп КСРО әскеріне қарсы шабул жасау. Бұл сол кездегі «Суық соғыс» кезеңі. Өкінішке орай тік ұшақтар бір-біріне қақтығысып, әуеде жарылыс болды. 7 адам қаза тауып, біраз адам жарақат алды. Ал бұл тек бер жағы ғана. Себебі Испан жеріне құлаған су астында жарылу керек бомбаның қалдықтары жергілікті халық үшін таңсық болып қала берді. Ең өкініштісі, ол радиактивті еді. Мұны халық білген жоқ. 2006 жылға дейін осы аймақтағы тазалау мәселесі шешілмей кеген.

Жалғасы бар...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты