Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Жүз жағдай / Тәуекелге барудың оңай жолы

Тәуекелге барудың оңай жолы

Тәуекелге барудың оңай жолы

Жыл сайын 10 наурызда ерекше мереке – Тәуекел күні аталып өтеді. Ел аузында "нар тәуекел – ер ісі", "уайым түбі − тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі − жел қайық, мінесің де өтесің" деген секілді ұлағатты сөздер сақталған. Бұл өмірде әрбіріміз тәуекелге бел буамыз. Әдетте, көп жағдайда тәуекел еткендердің жолы болып жатады. Кей кезде жүрексініп, қорқып тұрсаң да, тәуекел ете білген дұрыс. Кейде ол біреудің өмірін құтқаруы мүмкін, ал біреулер үшін – адреналиннің кезекті порциясы. Нар тәуекелге қалай бару керек? Оның оңай жолы бар ма? Бар екен. Зер салыңыз.

Сізде өміріңізді өзгерте алатын екі түрлі таңдау бар делік. Сіз бір сәттік дилеммаға тап болдыңыз. Енді сол екеуін де қағазға жазып, ой елегінен өткізіп көріңіз. 

Алдымен бір бет қағаз алып, жарты жылдан кейінгі өміріңізді көз алдыңызға келтіріп, жаңағы бірінші таңдауды бүге-шүгесіне дейін қағазға жазыңыз. Одан кейін қазіргі жағдайды ойлап, бұл шешімнің артықшылығы мен кемшілігін жіпке тізіңіз. Жаныңызда кім болады, өзіңіз кім боласыз, немен айналысасыз, қайда және қалай өмір сүресіз, қандай жетістіктеріңіз болуы мүмкін – осының барлығын жақсылап ойланыңыз.

Болашақтан қазіргі шақтағы өзіңізге хат жазып отырғаныңызды ұмытпаңыз. Көзіңізге келешек өміріңіз келген кезде, эмоционалдық бөліміне өтіңіз. Өміріңіз қалай өтіп жатқанын, ішкі сезіміңізді толық баяндаңыз. Барынша толықтай жеткізіңіз. Өзіңіз қабылдаған шешімге көңіліңіз тола ма әлде бірдеңе жетіспейтіндей көріне ме?

Хат соңында осы шешімді қабылдағаныңыз үшін өзіңізге алғыс айтыңыз. Өміріңізді қаншалықты дұрыс арнаға бұрғанын жазыңыз. Аяқтаған соң қағазды бүктеп, көзге түспейтін жерге сақтап қойыңыз.

Енді екінші қағазды қолға алыңыз. Тағы да дәл осылай хат жазыңыз, бірақ мұнда екінші нұсқаны таңдаңыз. Алдыңғы хаттағыдай үтір-нүктесіне дейін қалдырмай, толық жазып шығыңыз. Мұнда да жасалған таңдау үшін өзіңізге рақмет айтып, қағазды бүктеп, назардан тыс жерге қойыңыз.

Араға бірнеше күн салып екі хатты қолға алыңыз да, мұқият оқып шығыңыз.

Екі хаттан не сезіндіңіз? Әлі де жолайрықта тұрсыз ба? Олай болуы мүмкін емес. Енді бір шешімге келген боларсыз. Бұл тәсіл сөзсіз көмектеседі. Тек ерінбей жазыңыз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Maths Careers
Қосылған күні: 10 наурыз, 15:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.