- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Қаржыны көбейтудің жолдары...
Қаржыны көбейтудің жолдары
Көп жағдайда жалақы бірнеше аптаға жетпей-ақ таусылып қалады. Қаржыны көбейтудің жолдары бар ма?
Қосымша табыс көзін іздеңіз
Өз қызметіңізден басқа табыс көзін іздеп көріңіз. Екі түрлі жерде бірдей қызмет атқарғаннан гөрі жаңа мамандықты байқап көрген жөн. Өмір бойы бір қызметті атқару міндетті емес. Қанша жаста болсаңыз да, қай салаға жүрегіңіз бұрса, еш қорықпай бастай беріңіз. Бұл сізге қосымша табыс әкеледі.
Білімге қаржы бөлу
Өз біліміңізді жетілдіруден ақша аямаңыз. Бұл сізге болашақта көп табыс әкелетініне күмәнданбаңыз.
Қаржыландыру
Қаржыландыруға болатын жақсы жоба тауып алыңыз. Бұл пассивті табыс көзіне жатады. Кейде «күйіп кету» қаупі болады. Ондай жағдайға тап болмас үшін нарықты зерттеп, таныңыз.
Қажет емес нәрсе сатып алмаңыз
Егер дүкенге бір кіргеннен бірнеше сөмкемен шығатын болсаңыз, қосымша табысыңыздың еш пайдасын көре алмайсыз. Тізім жасап, тек керекті заттар алуға дағдыланыңыз. Қатты үнемдеудің де қажеті жоқ. Дегенмен өзіңізге нақты не керек екенін ойланып, сапасын тексеріп, барып таңдаңыз.
Ақша есебін жүргізіңіз
Шығыс пен кіріс есебін жүргізуге дәптер не блокнот арнаңыз. Осы айда қанша ақша таптыңыз? Қанша ақша жұмсадыңыз? Қанша теңге қандай зат алуға кетті? Нақты есеп жүргізетін болсаңыз, ақшаны артық жұмсаудың алдын аласыз.
Ақша жинаңыз
Табысыңыздың белгілі бір бөлігін алып қалыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Белгілі бір соманы жинап, жұмсамауға тырысыңыз.
Ф. Абилова