Жетістікке жеткізер жалғыз жол

Жетістікке жеткізер жалғыз жол
Фото: moya-planeta.ru

Экстремалды жаны сүйетіндер ешнәрседен қаймықпайды.  Олар  "Көз — қорқақ, қол — батыр" деген аталы сөзді өмірлік ұстанымдарына айналдырған рухы мықты, жігері күшті жандар. Осындай ержүректілердің бірі жартастардың арасымен "ұшып" өтті.

Жиырма жасар Ули Эммануэль бэйс-джампинг деп аталатын экстремалды спорт түрімен айналысады екен. Бұл спорттың қыр-сырын жете меңгерген ол оның ең қауіпті түрін сынап көруді ойға алған. Швейцарияның Лаутербруннен атты елді-мекенінде биік жарық (ойылған) жартастар баршылық. Ули сол жартастардың арасымен "ұшып" өткен. "Мен бұл жарық жартасты үш жыл бұрын кездестірген едім. Сол кезде бұның арасынан өту мүмкін емес ойлағам. Дегенмен, үш жылдық тынымсыз жаттығудан кейін, оның ешқандайда қиын еместігін түсіндім" дейді жүрек жұтқан Ули. Міне барлық істі бастарда ең алдымен биік мақсат керек. Оған жету жолында аянбай тер төгу  жетістікке жеткізер жалғыз жол. 


Е. Жұмабайұлы