Әуеде қалықтаған мотоциклші жаңа рекорд орнатты

Әуеде қалықтаған мотоциклші жаңа рекорд орнатты
Фото: redbull.com

Австралиялық Джош Шихан есімді азамат жаңа рекорд орнатты. Өзінің су жаңа мотоциклімен үлкен жылдамдықпен келіп, әуеде 3 рет сальто жасады. 

Мұндай үлкен жеңіске қол жеткізу Джошқа оңайға соқпағаны белгілі. Ол бұл спорт түріне бірнеше жылдарын арнаған. Көптен бері ойға алған бұл трюгін Мэриленд штатында, арнайы дайындалған жолда орындады. 97 км/сағ жылдамдықпен 25 метрге көтеріліп, ауада 3 рет айналып тмен қара құлдилады. Осы кезде қызықтап тұрған барлық жанкүйерлер оның екі аяғымен тең қона алатынына күмәнмен қараған еді. Бірақ, Джош жерге екі аяғымен тең қона білді. 

Жаңа трюктің арқасында орнатылған жаңа рекордты мына видеодан тамашалаңыз.


Е. Жұмабайұлы