Бұзақы жігіттер қыздарға несімен ұнайды?

Бұзақы жігіттер қыздарға несімен ұнайды?
Фото: Баурджан Бисмильдин

Махаббатта әркімнің өз талғамы, таңдауы бар. Сүю үшін белгілі бір заңдылықтарға бағына алмайсың. Сүю – тәуелсіз құбылыс. Сол секілді жастар арасында қыздардың жүріс-тұрысы дұрыс жігіттерден гөрі бұзақы жігіттерге көңілі бұрып тұратыны белгілі. Неге? Ендеше, осының себебін бірге анықтап көрейік.

Мұндай қыздардың ойынша бұзақы жігіттер сүйкімді болып келеді. Ал енді ойланып көрелік, олар несімен сүйкімді?

Бұзақы жігіттер өз ортасында «абыройлы» екені рас. Олардың араларындағы абырой мен тура мағынасында абыройдың жолы екі бөлек. Қыздарға абыройы асақақтап тұрған ер азаматтар ұнайтыны жасырын емес. Абыройы болса, болғаны… «Жер өртеп атын шығарған» болса да, «Кімсің?» дегенде аты шулы болып тұрса, олар үшін бұл да маңызды.

Бұзақы жігіттер ерекше мінезге ие. Олар ұяң емес, олар іш пыстырмайды. Қыздардың көп бөлігі үндемей қалған момын жігіттермен жарасып кете алмайды. Өйткені олар қыздың көңілін көтере алмай, жалықтыра бастайды. Ал бұзақы жігіттерде көбіне арулардың көңіліне жағатын қызба мінез бар. Оның үстіне бұзақы жігіттер тәуекелшіл, талапшыл келеді. Жігіттердің бойындағы мұндай қасиетпен де қыздың жүрегіне жол табуға болады.

Бірқатар қыздар қауымы бұзақы жігіттерді жақсы қорған бола алады деп ойлайды. Сондықтан қыздардың көбі мұндай жігіттерді қорғану мақсатында таңдап жатады. Олар өз қарамағындағы қызға бөтеннің көзін түсірмей қорғайды. Қыздардың ойынша, бұзақы жігіттермен дос болсаң, саған ешқашан қауіп төнбейді.

Мұндай жігіттерді ұнататын қыздардың ойынша, бұзақы жігіттер уәдесіне берік келеді. Олар өздерін осындай жігіттердің қасында жайлы сезінеді. 

Бұзақы жәна аты шулы жігітпен қарым-қатынас орнатып жүргенін айтып, құрбыларының ішін күйдіретін де арулар бар. Олар үшін де бұл - «абырой», шамасы...

Ұқсас жазбалар: 

Қыздарға неге әскери қызметтегі жігіттер ұнайды

Маған қандай жігіттер ұнайды?

А. Әбілхан