Жеңіске ерлікпен жеткен ескекші

Жеңіске ерлікпен жеткен ескекші

1928 жылы Амстердамда өткен олимпиада ойындарында аустралиялық Бобби атты спортшы кез келген адамның қолынан келмейтін ерлік жасап, тарих тақтасына атын мәңгілікке таңбалап кетті.  Сіздерге түсінікті болу үшін оқиғаны толықтай баяндайық.

Генри Бобби Пирс (Henry "Booby" Pearce) атты аустралиялық спортшы ескекпен жарысу кезінде қарсыластарынан оқ бойы алға шығып, мәре сызығына жетуге санаулы қашықтықтар ғана қалады. Ол өзінің мәреге бірінші жететініне сенімді еді. Алайда, тосыннан алдынан бір топ балапандарымен шыққан үйрек оны абдыратып тастайды. Алтыннан алқа тағуға бірнеше адымдар қалғанына қарамастан, Бобби тоқтап, үйректерге жол береді.

Бұл аралықта артында қарайып келе жатқан бір қарсыласы осы сәтті сәтті пайдаланып, 10 шақты метрдей алға шығып кетеді. Дегенмен, адамгершілігі мол Бобби бар күш-жігерін жинап, алда кетіп бара жатырған қарсыласын шаң қақтырып басып озып, сан соқтырып жеңіске жетеді. Бұл оқиғаның куәсі болған жанкүйерлердің көздеріне жас үйіріліпті. Ал Бобби болса, осы оқиға арқылы тарих тақтасына атын мәңгілікке таңбалап кетті. 

Оқи отырыңыз: 

1. Рой Джонс: "Өмірден таяқ жемеуім үшін, таяқтапсың ғой сонда сен...

2. Арнольд Шварценеггер: «Біз де сарбаз болғанбыз»

3. Ұрыға көмек көрсеткен полиция қызметкері

4. Брендон Гримшоу – бүгінгінің Робинзоны

Сурет: rambler.ru

Е. Жұмабайұлы