Автобус өртенген жағдайда не істеу керек?

Автобус өртенген жағдайда не істеу керек?
Фото: www.transbez.ru

Жол үстінде қауіпті жағдайлар жиі орын алады. Көліктердің соқтығып қалуы, жая жүргіншілердің қауіпсіздігі одан қала берді алыс жолға шыққан автобустардың аяқ астынан өртке орануы сынды түрлі жағдай бар. Апатты жағдай орын алған кезде, автобус іші өртке оранса не істеу керек? 

Күнделікті өмірде бұл жағдайлар жиі орын алмаса да, басқа түссе амал табу керек. Пайдалы кеңесті пайдаға асырыңыз. 

– Егер автобуста келе жатып күйіктің иісін немесе ыстың пайда болғанын байқасаңыз, бірден жүргізушіге хабар беріңіз. Ескерту: мән бермей отыра беруге болмайды. Сақтаныңыз. Көлік жүргізушісі сіз сезген иісті сезбей қалуы мүмкін. Сондықтан ескерту жасап, жүргізушінің назарын өзіңізге қаратыңыз және көлікті тоқтатыңыз. 

Өрт болған жағдайда сабыр сақтаңыз. Айғай-шуға баспаңыз. Айналаңызда балалар немесе аяғы ауыр әйелдер болса, шошып қалуы мүмкін. Сондықтан ақылмен жұмыс жасаңыз. 

– Қауіпті жағдайда есікті ашу құрылғысын пайдаланыңыз. Оған да мүмкіндік болмаса, автобустардың төбесінде де шығуға мүмкіндік беретін шағын терезелер болады. Оларды ашу үшін арнайы түсіндірме тақтайшлары немесе жазулары болады. Соны ескере отырып, терезені ашып автобус төбесі арқылы сыртқа шығуға талпыныңыз. 

– Жоғарыдағы аталған амалдың екеуі де орындалмаса, автобустың терезесін сындырыңыз. Ол үшін бар күшіңізбен екі аяқтап тұрып терезені тебіңіз. Бір адамның шамасы жетпесе, үш-төрт адам болып қайталап жіберсеңіз нәтиже болады. 

– Автобус ішінде өрт болған жағдайда, қауіп төнген жағдайға арналған арнайы құралдар, өрт сөндіруші саймандар болады. Солардың пайдаға асырыңыз. 

– Сыртқа шығуға мүмкіндік алсаңыз, ең бірінші әйелдер мен балаларды, үлкендерді, жүкті әйелдерді сыртқа шығарып, көмектесіңіз. 

– Өрт дендеп бара жатса, ыстанып қалмас үшін орамал не қолмен мұрныңызды, аузыңызды басыңыз. 

– Далаға шығысымен автобус қасынан алысқа кетіңіз. Себебі жарылыс болуы мүмкін. 

Сақ болыңыз, жолаушы! 

М. Ақан