- Негізгі бет
- Егер...
- Көліктің панелінде қызыл...
Көліктің панелінде қызыл шамдар жанып қалса
Қазір кез келген адамда көлік бар. Жүргізушілік куәлік алған күннен бастап бір мақсат қойып, көлік аласыз. Бірақ көліктің ішкі құрылысын толық түсінбей барынша үдеткішке басып, жүре беруді ойлайсыз. Ал бұл үлкен қателікке алып келеді. Себебі көліктің панелінде жанып-өшіп тұратын, мүлде жанбай жүріп, аяқ асты жанып қалатын шамдар болады. Ал сіз оған кейде мән бермейсіз.
Жаңадан шығып жатқан көліктерде шамдар алдымен жанады кейін панелде ескерту жазулары пайда болады. Ал ескі көліктерде тек қызыл және сары түсте шамдар жылтылдап қана тұрады.
Қызыл пиктограммалар – ең қауіпті шамдар
Майдың белгісі бар қызыл шам жанса, қозғалтқыштағы қысымның жетіспейтіндігін көрсетеді.
Не істеу керек? Егер қызыл майдың белгісі бұрылыстарда, тоқтаған кезде жанып тұрса майдың көлемі азайып кетті. Толтыру керектігін ескеріңіз. Ал үнемі жанып тұрса берсе сорғы істен шықты деген сөз. Көлікті тоқтатып, эвакуатор шақырыңыз.
Бұл белгі жана қалса екі нәрсені ескеріңіз: 1- қол тежегіш қосылып қалған. 2- тежегіштің сұйықтығы азайып кеткен.
Не істеу керек? Жанып-өшіп тұрған кезде тежегіш сұйықтығын толықтырыңыз. Ал үнемі жанып қалса, тежегіш жұмыс жасамай қалды деп түсініңіз. Қауіпті жағдайға дайындалып, көліктің жылдамдығын азайтып, қол тежегішті тартып тоқтатыңыз. Әрі қарай эвакуатор шақырыңыз.
Қызыл аккумлятор жана қалса, генераторға қуат көзі жетпейді деген сөз немесе генератордағы ток көздерінен ақау кеткен.
Не істеу керек? Аккумляторда қуат көзі қалмаған болса, көлікті қинай берудің қажеті жоқ. Ең дұрысы артық қуат алатын аппараттарды өшіріп, тез арада жөндеу орталығына жетіп алуға асығыңыз немесе өзіңіз білетін әдіске салып көріңіз.
Бұл белгі қызарып жана қалса мұздатушы сұйықтықтың температурасы көтеріліп кетті деп түсініңіз.
Не істеу керек? Моторды өшіріп қойыңыз. Бұл температураның түсуіне көмектеседі бірақ ұзаққа бармайсыз.
Алтыбұрышты қызыл белгі жана қалса, трансмиссияның бұзылып тұрғаны.
Не істеу керек? Бұл жерде түрлі себептер болуы мүмкін, сондықтан ең дұрысы жөндеу орталығына барып қаратыңыз.
Бұл белгілер қауіпсіздік жастығының жұмыс жасамай тұрғанын көрсетеді. Себеп те көп болуы мүмкін.
Не істеу керек? Мұндай жағдайда сізге компьютерлік диагностика жасатуға тура келеді. Себебі жүріп келе жатып, қауіпсіздік жастығының жолаушыға қарай атылу қауіп де бар.
Көріп тұрған белгілеріңіз негізінен механикалық емес, автоматтандырылған көліктерде кездеседі. Бұл олардың қораптағы сұйықтық қызып кеткенінен хабар береді.
Не істеу керек? Көлікті тоқтатып, қызу басылғанша күтіңіз.
М. Ақан