Ерлер асханасы: Тез дайындалатын бұршақ сорпасы

Ерлер асханасы: Тез дайындалатын бұршақ сорпасы
Фото: blog.mann-ivanov-ferber.ru

Қысқатолқынды пеште дайындалатын бұл сорпа жігіттер үшін тиімді. Тез әрі сіңімді. Бұршақ сорпасы көп затты да, күшті де қажет етпейді.

Қажетті азық-түліктер: 

 - 400 грамм консервіленген қызыл үрме бұршақ;
 - 400 грамм консервіленген қызанақ;
 - 300 грамм шұжық;
 - 2 тіс сарымсақ;
 - 1 пияз;
 - 1 сәбіз;
 - 1 тәтті бұрыш;
 - дәміне қарай қызыл не қара бұрыш, зира қосамыз.

Дайындалу жолы:

1. Пияз бен сәбізді, тәтті бұрыш пен шұжықты тазалап тураймыз. Сарымсақты майдалап тураған абзал.

2. Шұжықты шұңғыл ыдысқа салып, 3 минутқа қысқатолқынды пешке саламыз.

3. Туралған пияз, сәбізді ысыған шұжықтың үстіне саламыз. Оны да 3 минутқа қысқатолқынды пешке салып аламыз.

4. Тәтті бұрышты қысқатолқынды пештен алынған ыдысқа салып, араластырамыз. Оны да 1 минутқа пешке қайта саламыз.

5. Пештегі ыдысты алып, тамағымыздың үстіне консервідегі қызанақты саламыз. 2-3 стақан су құямыз. 15 минутқа пешке қоямыз. Әрбір 5 минут сайын сорпаны араластырып отырамыз.

6. Енді үрме бұршақты салып, 2 минут пешке қайта салып, ысытамыз.

7. Сорпаға күнзе немесе ақжелкен салуға да болады.

Дайын лапшаға қарағанда, құнарлырақ екені сөзсіз. Жасап көріңіз, бар-жоғы 25-30 минут жұмсайсыз.

Г. Берік