Алғашқы кездесуде қыздың көңіліне жағатын 5 сөз

Алғашқы кездесуде қыздың көңіліне жағатын 5 сөз
Фото: amur.kz, Ольга Орлова

Әп-әдемі махаббаттың бастауы – алғашқы кездесу. Алғашқы кездесудің жігіттерге қарағанда қыздар үшін маңызы зор. Олар алғашқы кездесу күні ерекше құлпырып, ерекше гүлдене түседі. Оның осындай бақытты шағында жай ғана ілтипатпен мына сөздерді шын жүректен шығара отырып айтсаңыз болады. Сонда қыздың көңілі сіздің жүрегіңізге бір қадам болса да жақындай түседі.

«Мен күткеннен де сұлу екенсіз»

Әңгіменің төркінін осыдан бастасаңыз, кездесулеріңіз сәтті өтеріне күмәніміз жоқ. Әрине, өтірікке жол жоқ. Қыздың ажарына расымен көңіліңіз құлап, оның сұлу келбеті шынымен ұнап отырса ғана солай деңіз. Әйтпесе келбеті көңіліңізден шықпаған қызға бүгін сұлу екенсің деп, ертең ұшты-күйлі жоқ болып кеткеніңіз жараспас. Әйел адамға олардың сұлулығын айтқан қатты ұнайды. Осы арқылы өзіне деген махаббаты ғана емес, сізге деген сезімнің ұшқындары да пайда болады.

«Сіздей арумен жолымызды түйістірген тағдырға ризамын»

Өзінің сұлулығын жігіттің байқағанын ойлап, белгісіз бір керемет күймен тербетіліп отырған сәтте осы сөзді айтып жіберіңіз. Әрине, ол мұны естіп қылымсып, ерке қылықпен бір жауабын да айта салар. Одан жауап қайтуының да маңызы жоқ. Өйткені бұл сұрақ емес, ілтипат!

«Менің ғана ханшайымым боласыз ба?»

Бұл – астарлы ұсыныс. Қыздың күткені де – осы. Мына сөздің оған жағатынына жүз пайыздық кепілдік беруге болады. Өйткені ұсыныс жасаудың нағыз сәті – алғашқы кездесу!

«Әрі ақылды, әрі сұлу! Менің арманымдағы адам екенсіз. Бір бойынан ақылдылық пен сұлулық қатар табылатын қыз кездестіремін деп ойламаған едім»

Мына сөзіңіз оның жүрек пернелеріне тимей өтпейді. Бірақ сіз де шын көңілмен айтыңыз. Аузыңыңыз емес, жүрегіңіз сөйлесін.

«Жүрегімнің төрінен орын алдыңыз! Құттықтаймын!»

Бұл сөзді өзіне-өзі сенімді жігіттер айтады. Ал өзіне-өзі сенімді жігіттер көп қыздың көңілінен шығады. Мұндай сөз арқылы қыздың жанына жақындап, махаббат айдынында қос аққудай қатар жүзуге мүмкіндігіңіз көп.

Ұқсас жазбалар:

Алғашқы кездесуде жігіттер жіберетін қателіктер

Жаңа танысқан қызды шығарып салғанда...

А. Әбілхан