Қар көшкінінен қалай қорғанамыз?

Қар көшкінінен қалай қорғанамыз?

Қыз мезгілінде қолымыз қалт ете қалса, шаңғы теуіп, шанамен сырғанау үшін тау жаққа бет аламыз. Бұл мезгіл сонысымен де қызық. Дегенмен, қыс қызығын тауда сезінгісі келетін жандар қар көшкіні туралы толық ақпаратты біліп жүргені абзал. Статистикалық мәліметтер сүйенсек, қар көшкінінің астында қалған әрбір үшінші адам өз бетінше аман қалады екен.

Құтқарушылардың айтуы бойынша, қыстыгүні тауға шыққанда, кетіп бара жатқан туристік топ пен олардың жүретін жолдары алдын ала тіркелуі керек. Бұл мәліметтер қайғылы жағдайда оларды тауып, құтқаруға көмектеседі. Сонымен қатар, тауға шығар алдында құтқарушылардан кеңес алсаңыз, өміріңізге төнген қауіптілікті азайтасыз. Осы ретте, біз де оқырмандарымызға пайдасы тиер деген ниетпен "қар көшкінінен қалай қорғанамыз?" деген сұраққа жауап береміз. Кеңестерімізді ойыңызға түйіп, қауіпсіздік ережелерін жадыңызда сақтаңыз.

♦ Қарлы аймаққа шығарда, міндетті түрде, хабар таратқыш құрылғыларды жаңызға алып алыңыз. Оған қоса, барлық хабар таратқыш құрылғы қосулы тұрғаны абзал. Құрылғыны киіміңіздің ішіне салып қоюғаныңыз жөн. Себебі, егер сөмкеңізге салсаңыз, қар көшкіні кезінде сөмкеңізден айырылып қалуыңыз мүмкін.

♦ Жаныңыздағы серігіңіз көшкін астында қалса, құрылғыны іздеу режиміне қойыңыз. Құрылғы қызметінің радиусы  50 метрге дейін жетеді. Осы аралықта жоғалған серігіңіздің хабарлағышын тапқан уақытта, сіздің құрылғыңыз қатты дыбыс беруі мүмкін. Яғни, сіздің досыңыз құрылғы бағыттаған маңда.

♦ Егер құрылғы болмаған жағдайда, қауіпті аймақтан жоғалған адамды бір ғана адамның іздегені дұрыс. Ал қалған топ мүшелері оның қимылын бақылап тұрғаны жөн. Себебі, тағы да көшкін туса, оны қар басқан маңды жаттап қалу керек.

♦ Білектеріңізге қызыл түсті жіп немесе бау тағыңыздар, көшкін кезінде бір-біріңізді табуға септігін тигізеді. Егер киіміңіз қызыл түсті болса, тіптен жақсы.

♦ Көшкін кезінде биік жерге, мысалы, мүмкіндігіңізше, терекке өрмелеп шығып кетуге тырысыңыз.

♦ Егер аяғыңыздың астынан қозғалған қабатты сезсеңіз, бар күшіңізді жинап, көшкіннің шетіне қарай ұмтылыңыз.

♦ Сөмкеңіз бен шаңғыңызды тастаңыз. Себебі, мұндай жағдайда артық жүктің пайдасы болмайды. 

♦ Көзіңізге түскен қандай зат болмасын, тас не ағаш болсын, ұстап тұрыңыз. Ол сіздің өміріңізді құтқарып қалуы мүмкін.

♦ Көшкін астында қалсаңыз, ең бастысы, тыныс алу мүшелеріңізді қар тозаңынан сақтаңыз. Ол үшін бөкебаймен, капюшонмен не болмаса қолдарыңыздың көмегімен аузыңыз бен мұрныңызды басыңыз. Көшкін астында аяқ пен қолдың көмегімен кеңістікке шығуыңыз керек.

♦ Қар тоқтағанша көшкін бетіне жақындай беріңіз. Ал төмен-жоғарыңызды бағыттап білу үшін, тәжірибелі құтқарушылардың айтуы бойынша, түкірген жөн. Оның көмегімен бағытыңызды тауып, «қар асты жолын» жасаңыз.

♦ Көшкін тоқтаған соң, айналадағы қарды деміңізбен және бойыңыздағы жылумен барынша ерітіп, жоғарыда айтылған тәсілмен қар бетіне шығуға әрекеттеніңіз.

Өз-өзіңізді сабырға шақырып, бар күш-жігеріңізді жинаңыз. Қорқыныш пен қобалжу тек кері әсерін береді.

♦ «Өз-өзімді құтқара аламын!» деген сенімнен айрылмаңыз. Және өзіңізге сеніңіз.

♦ Айқайламаңыз, өйткені, қар сіздің даусыңызды айналаға естіртпейді.

♦ Қар астында ұйықтап кетпеңіз! Құтқару тобы келгенге дейін, осы кеңестерді ойыңызға алып, өз бетіңізбен әрекеттенгеніңіз жөн.

Жалғасы бар...

Оқи отырыңыз: 

1. Егер көлікпен далада қалсаңыз...

2. Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері

3. Жер сілкінісінен қалай қорғанамыз?

4. Өрттен қалай қорғанамыз?

5. Егер мұзға түсіп кетсеңіз...

Сурет: heritageangus.ca, 4.bp.blogspot.com, co12.nevseoboi.com.ua

Е. Жұмабайұлы