Әлемдегі ең қымбат әскери техникалар

Әлемдегі ең қымбат әскери техникалар
Фото: vilingstore.net

Қанша ғасыр өтсе де «соғыс» дейтін сөздің қалдығы жоғалған жоқ. Қазір бейбіт заманда өмір сүрсек те әскери қару-жарақ пен техникалар құрастырылып жатыр. Жыл сайын тіпті түрленіп, дамып келеді. Сіздерге әлем тарихындағы ең қымбат әскери техникаларды ұсынамыз. 

1. Bell-Boeing V-22 Osprey 

Тікұшаққа ұқсас жасалған бұл техниканың бағасы – 72.1 миллион доллар. Инженерлердің ойлап тапқан бұл әскери техникасы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тікұшақ секілді көтеріліп, ұшқанымен, оның жылдамдығы қарапайым тікұшақтан екі-үш есеге көп. Аталған техника АҚШ жерінде өндірілген. Ең алғаш рет оны 2007 жылы Иракқа соғыс кезінде Америка әскери базасы пайдаланған. 

2. F-35 Lightning II 

АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп жасап шыққан бұл техника атып түсіруші ұшақтарға қарсы жасалған. Ұзындығы – 15.5 метр болатын ұшақтың жылдамдығы – 1931 км/с. Құны – 122 миллион доллар. 

3. Lockheed Martin F-22 Raptor 

Бұл әскери техника әуе күштерінің ең негізгі бір түрі болып табылады. Себебі көзге және радарға көрінбей, өте жоғары жылдамдықпен қозғалады. Ұшақта екі ракеталық қондырғы мен алыс қашықтыққа жіберуге арналған алты түрлі ракета бар. Құны – 150 миллион доллар. 

4. Grumman E-2D Advanced Hawkeye 

"Нортоп" компаниясы шығарған әуе техникасы ауыр техникаларды тасымалдауға, сонымен қатар қарулы қақтығыстарда төтеп беруге арнайы жасалған. Алғаш техника 2007 жылы АҚШ жерінде өндірілді. Құны – 232 миллион доллар.

5. Arleigh Burke DDG 51 Destroyer 

Теңіз әскери базасына арнайы құрастырылған техниканың бір өзінде 12.7 см. атқыштары, әуеден келетін ракеталық шабуылға қарсы құрылғылары, кемелерге қарсы атқыштар құрылғысы бар. Өте жылдам қозғалатын әскери кеменің құны – 1.843 миллиард доллар. 

6. INS Vikramaditya 

1987 жылы Бакуде алғаш рет теңізге шыққан кеменің негізгі жұмысы әскери тікұшақтар мен ұшақтарды теңіз бетінде қабылдау және сол жерден ұшыру. Аталған кеменің бір түрін Ресей 2004 жылы Үндістан әскери күштеріне 2.35 миллиард долларға сатқан болатын. Бір бойына 1600-2000 адам мен 30 түрлі ұшақ пен тікұшақ сыяды. Құны сол бағасын сақтап қалған. 

7. Varyag/Liaoning Aircraft Carrier 

Әлемдегі ең керемет әскери техникалардың бірі болып табылатын бұл кеменің құны – 2,4 миллиард доллар. 

М. Ақан