- Негізгі бет
- Бесқару
- Әлемдегі ең қуатты...
Әлемдегі ең қуатты 8 қару
Әлем қарыштап дамыған сайын оның технология саласындағы, соның ішінде қару-жараққа деген сұранысы артып келеді. Әрине бұл соғыс бастау үшін емес, ғалымдардың ойлау қабілеттері, ғылым мен технология даму сатысының ілгерлеу көрсеткіші деуге болады.
Әлемде қуатты қару-жарақ көп. Дегенмен соның ішінен сіздерге іріктеп ең мықты сегіз үлгісін ұсынып отырмыз.
8. MOAB/GBU-43/B Massive Ordnance
Бұл жарылғыштың екінші атауы – «Барлық жарылғыштың анасы». Аталған жарылғыш адамзат тарихындағы ең қуатты жарылғыш деуге де болады. Алғашқы сынақ 2003 жылы 11 наурызда іске асты. Оның күші аумағы 140 м болатын 9 ауданды жоқ қылып жіберуге жетеді. Салмағы шамамен – 10-13 тонна.
7. FOAB немесе (ATBIP)
«Барлық жарылғыштардың әкесі» дейтін екінші атауды алған бұл қарудың отаны – Ресей елі. Ерекшелігі жерде де көкте де қолданылады. Жерге қақтығыс кезінде термобарлық күш іске қосады. Бұл жойқын қарудың күші жайында Ресей федерациясының бас штаб басшысы Александр Рукшин: «Зақым алған барлық тіршілік иесі күл болып кетеді»,– дейді.
6. ан602
Сіз тарих пәніндегі жарыластан кейінгі пайда болған үлкен саңырауқұлақ тәрізді бейнені білесіз бе?! Бұл қарудың біреуі ғана сол саңырауқұлақтың бейнесін жасауға жеткілікті. «Жарылғыш патшасы» деп те аталады. 27 тонналық суық қару 3,5 км дейін жойқын жарылыс жасауға шамасы жетеді.
5. Авианосец «Нимиц» үлгісінде
Екі үлкен екі ядролық реакторы бар, 24 жыл бойы ешқандай жанармайсыз жүре алады. 135 атқыш ұшақтар сиятын (Макдоннел-Дуглас F/A-18 секілді) алып палубтары бар.
4. Лазерлік платформадағы Boeing YAL-1
Бұл ракеталарға қарсы төтеп беруге ыңғайластырылып жасалған ең ерекше қуатты қару. Дегенмен бұл қаруды жасауға кететін шығын кішігірім бір мемлекетті асыруға кететін бюджетпен тең түскендіктен 2010 жылдан бастап қаржыландыру тоқтатылған.
3. Predator and Predator B
Бұл қару өз кезегінде танымал және жауынгерлік барлау операцияларында қолданылады. Ұшқышсыз басқаруға болатын бірден-бір құрылғы.
2. The Trident II D5 SLBM
Сүңгуір кемесінен іске қосылатын бұл ракета 8 термоядролық күшке ие. Бұл іске қосылған жағдайда түсу нысаны үшін өте қауіпті.
1. Орыстың R-36 ICBM ракетасы
Орыстың бұл ракетасы жарылғаннан кейін айналасындағы атмосферада ұзақ уақыт бойы ядролық қарудың әсерінен пайда болатын улы газды таратып тұрады.