Бұл қызық: Екі оқты қатар ататын қос ұңғылы тапанша

Бұл қызық: Екі оқты қатар ататын қос ұңғылы тапанша

Уақыт жылжыған сайын қорғанудың да, қорғану құралдарының да түрленіп жатқанының куәгеріміз. Соңғы екі ғасырда көлденең орналасқан қос ұңғылы аңшылық қарудың құрылысын инженерлер көп қолданды.

Arsenal Firearms компаниясының мамандары да осындай қос ұңғыны алтыатардың құрылысына енгізуге болады деп шешкен. Сөйтіп, AF2011-A1 атты үш секундта он алты рет ата алатын (бір атқанда екі оқтан) жартылай автоматты қос ұңғылы алтыатар дүниеге келді. 

Arsenal Firearms компаниясының қос ұңғылы тапаншасы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық әскердің негізгі қаруы болған Colt 1911-A1 алтыатарының жүз жылдығына тұп-тура келді. AF2011-A1 тарихтағы алғашқы қос ұңғылы қару емес, бірақ 45-калибрлі қос ұңғылы жартылай автоматтандырылған алғашқы тапанша деп есептеледі.

AF2011-A1 тапаншасының механизмі мынадай: бір уақытта екі ұңғыдан оқтың қатар ұшуын реттейтін ауыстырып-қосқыш тетік бар. Бұл алтыатардың бөлшектерінің құрылысы мен Colt 1911-A1 (ACP) тапаншасының бөлшектері бір-біріне ұқсайды. 

Arsenal Firearms компаниясының өкілдері AF2011-A1 тапаншасы ерекше құрылысына қарамастан, 45-калибрлі тапаншаларға қатты ұқсайтынын айтады. 14 метр қашықтықтан атқанда қос оқтың ара қашықтығы, салыстырмалы түрде, апельсиннің диаметріндей болады. Ал, 23 метр қашықтықтан атылған оқтардың ара қашықтығы футбол добының диаметріндей болады екен.



Сурет: all4shooters.com, gorda.ge.

Е. Жұмабайұлы