Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Бесқару / Әлемдегі ең мықты әскерлер

Әлемдегі ең мықты әскерлер

Әлемдегі ең мықты әскерлер

Заман жаһанданған сайын қарулы күштер де дамып келе жатыр. Түрлі қару-жарақтар, әскери көліктер ел қорғауға арналған. Біздің жазбамыз әлемнің ең мықты жасақтары туралы болмақ.

Мамандарға ең мықты әскер бестігін белгілеу оңайға соқпағаны анық. Ол үшін жан жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осының аясында «Қазіргі заманның әскери жабдықталу деңгейі қандай?», «Қандай жасақ түрлері бар?» деген сұрақтарға жауап таптық.

1. Америка Құрама Штаттары әскері

АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің құрамында 535 000 сарбаз бар, ішінде соғыс алаңында болып, тәжірибе жиғандары да жетерлік. Олар жаңа қару-жарақтармен жабдықталған. АҚШ-тың қорғаныс күшінің 10 әскери дивизиясын сансыз әскери бригадалар қолдап отырады. Әр дивизияда 3 бронетанкті бригада, механикаландырылған жаяу әскер, жеңіл қаруланған жаяу әскер, брондалған әскери «Stryker» көлігінің бригадасы, әуе-десанттық бригада мен әуе-шабуылдау бригадасы, сонымен қатар, бір авиация және артиллерия бригадасы бар. Әр бөлімшеде 14000-нан 18000-ға дейін әскери қызметкер бар. Бұл қарулы әскер АҚШ президенттері Картер мен Рейганның кезінде жасалған «Үлкен бестік» (Big 5) атты қаруландыру жүйесін қолданады. Аталған жүйенің құрамында әскери «M1 Abrams» танкі, әскери «M2 Bradley» көлігі, «AH-64 Apache» тікұшағы, реактивті ракеталарды ұшыратын «M270» қондырғысы мен зинит-ракетаға арналған «Patriot» қондырғылары 30 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. АҚШ-тың арнайы жасағына үш диверсиялы-барлаушылар батальоны, арнайы қаруланған жеті топ пен «Дельта» (Delta Force) арнайы жасағы кіреді. АҚШ әскерінің арнайы операцияларға бұйрық берушілерінің (Army Special Operations Command) саны - 28 500. 

2. Қытайдың халықтық-тәуелсіз әскері 


Қытай әскері – Азиядағы ең ірі әскер. Оның құрамындағы 1,6 миллион әскери қызметкердің міндеті – Қытай шекарасын қауіптен сақтау. Көрші және алыс аймақтақтарға құрлықтағы әскери күштің жобасын таныстыру бұл әскерилердің міндетіне жатады. Қытай әскерінің «Тип 99» танкісі соңғы он жылда жаңа сипатқа енді. Қытай әскері өз танкілерінің америкалық «M1 Abrams» танкісінен әлдеқайда мықты болуын жоспарлайды. «WZ-10» тікұшағы Қытай елінің алғашқы әскери тікұшағы боп есептеледі. Олар ескі қару-жарақтарды шетке ысырмаған. Олай дейтін себебіміз, қару-жарақ қатарында «Тип 59» танкісі де бар. Қытай жасағының қару-жарақтары шамамен 2-3 онжылдық арасында жаппай жаңаша түрге енуі мүмкін. Жасақ құрамында бронды танктер, механикалық және жаяу әскер бөлімшелері, сонымен қатар, 3 әуе-десанттық дивизия мен үш теңіз десанттық бригадасы бар. Шэньян әскери округіндегі дивизиялар Солтүстік Корей мемлекетімен арадағы ел қауіпсіздігін және елдің ішкі жағдайын қорғайтын жедел әскери қатар.

3. Үнді әскері

Үнді әскерінің қатарында 1,12 миллион сарбаз қызмет етеді. Бұл дегеніміз, Азиядағы екінші ірі жасақ. Үнді әскерінің қатарында ел шекарасын қорғайтын құрлықтағы жасақ жоқ. 1,2 миллиард халқы бар мемлекет ішіндегі көтерілістерді басып, арнайы операциялар жасау үшін Үндістанға мейлінше қаруланған көп жаяу әскер қажет. Үндістанның ең мықты дивизиясы аса екпінді 4 корпусқа бөлінген, оның үшеуі Пәкістанмен шекаралас тұста, біреуі Қытаймен шекарлас жерде. Үндістанның қарулы күшінің қатарында екі теңіз десантты бригада мен 91 және 340-жаяу әскери бригада бар. Сонымен қатар, үш десантты батальон мен сегіз арнайы жасақталған бригада бар.  Соңғы он жылда Үнді әскерінің қарулары өзгерді. Үндістанның «Arjun» танкісі, ресейлік «Т-90» танкісі, америкалық «AH-64 Apache» тікұшағы Үнді әскерінің қарулы күшін құрайды.

4. Ресейдің құрлықтағы жасағы

Бұл әскер Кеңес армиясының жобасында құрылған. 1991 жылы Кеңес одағы ыдыраған соң көптеген бөлімшелер Ресей әскерінің қатарына қосылған. Ресейдің құрлықтағы қарулы күші арнайы жоспармен жүріп, көптеген жаңа әрі заманауи қарулармен жабдықтанбақ. Оның әскер саны – 285 000. Бұл дегеніміз, америкалық әскердің жартысы. Ресей әскері толық механикалық жүйемен жабдықталған. Жасақ саны аз болғанымен, Ресейдің қарулы күші Ұлы Отан соғысынан кейін айтарлықтай соғыс тәжірибелерін игерген. Тәжірибемен қоса, әуе-десанттық бөлімдер мен теңіз әскерінің де белгілерін алған. Дивизия құрамында 6000 әскери қызметкер бар. Саны аз болғанымен, ол аса қабілетті әрі десанттық әскери көліктермен жабдықталған. 9000 теңіз әскері әскери-теңіз күшін құрайды. Ресейдің құрлықтағы әскері біраз жылдан кейін универсалды әскери аса екпінді «Армата» атты жаңа танктермен жабдықталады. Бұл әскери қарулы көліктер «Т-72», «Т-80», «Т-90» танктерінің, бронды транспорттардың толық қасиетін иемденетін болады. 

5. Британ әскері 

Британ әскері әлемдік стандарт бойынша аса үлкен болмағанымен, Еуропада айтарлықтай орны бар. Жеңіл жаяу әскер, десантты жасақ, брондалған танктер, механикалық және авиациялық бөлімшелер үйлесім тауып, түрлі операцияларды орындауға жұмылдырылған. Британ әскерінің құрамында бүгінгі күні 120 000 сарбаз бар. 2020 жылы құрлықтағы британ қарулы күші қайта жаңармақ және қызметкерлер саны 82 000-ға қысқармақ, бірақ, резервистердің (міндетті әскери қызметтен босатылып, резервке шығарылған әскери қызметкер) рөлі артпақ. Сол жылы британ армиясы жеті бригададан құралмақ. Оның бірі – әуе десанты, үшеуі брондалған механикалық бригада, тағы бір үшеуі жаяу әскер бригадасы болады. Америкалық жасақ секілді британ әскері де жаңа жүйе бойынша қаруланған. «Challenger II» негізгі танкі мен жаяу әскердің «Warrior» көлігі механикалық бөлімдерде қолданылып жүр. Ерекше жағдайдағы және арнайы операцияларды орындауға арналған британ армиясының құрамы да аса үлкен емес, бірақ олар әлемнің ең мықтыларының қатарында. Қарулы күш 16 әуе-десанттық бригадасы бар үш десантты батальоннан тұрады. Және де онда атақты 22-арнайы әуе қызметінің (SAS) полкі бар. Сондай-ақ, патшаның құрлықтағы әскери күшті негізге алған 8000 теңіз десанты әскери-теңіз күші басқармасына қарайды.

Сурет: nytt.ru, topwar.ru, image.tsn.ua, gdb.rferl.org, 3.bp.blogspot.com

10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 27 қараша 2014, 12:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.