Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Алғашқы көмек / Ара шаққанда не істеу керек?

Ара шаққанда не істеу керек?

Ара шаққанда не істеу керек?

Жаз мезгілінде серуенге шықсаңыз не бау-бақша араласаңыз, жеміс-жидек теріп жүрсеңіз, ара, сона деген улы жәндіктер инелерін сұғып алуы әбден мүмкін. Оның әсерінен денеңізде ісік пайда болады. Ісікті қалай қайтару керектігін білесіз бе? Олай болса, мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Ара шаққан бойда ең алдымен, теріде қалған араның бізгегін (инесін) тезірек алу керек. Өйткені, бізгекте араның уы болады, оны тезірек алсаңыз, удың денеге тарауының алдын ала аласыз. Аризона университетінің (АҚШ) зерттеуіне сүйенсек, ара шаққаннан кейін денеге бар-жоғы 20 секунд ішінде удың 90%-ы тарайды екен.

Сол себепті, бізгекті тезірек алып тастауға тырысыңыз. Қандай затпен алсаңыз да, мейлі ол кішкентай қысқыш болсын (пинцет), қолыңызбен болсын, бастысы сақтық керек. Бізгектің теріңізге ары қарай еніп, жарақат бетіне микробтар түсіп кетпеуін жіті қадағалаңыз.

Содан соң, ара шаққан жерді мұқият сабындап жуыңыз. Егер араның шаққан орны ашытып, қызарып, ісіне бастаса, жарақат үстіне 20 минут мұз баса тұрыңыз. Соңында ісікке қарсы май (крем) жағыңыз. Егер бұған аллергияңыз болса, аллергияға қарсы май (антигистамин) сізге көмектеседі.

Араның уына аллергиясы бар адамдар дәрігердің көмегіне жүгінуі керек. Аллергияның алғашқы белгілері мынадай: тамақ, тіл, көз ісінуі мүмкін, тыныс алу қиындайды, жүрек айнып, адам өзін жайсыз сезінеді, басы айналып, есін жоғалтады. 

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: img-fotki.yandex.ru
Қосылған күні: 10 тамыз 2015, 10:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.