Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Қыз бала тәрбиелеп отырған әкелерге арналады

Қыз бала тәрбиелеп отырған әкелерге арналады

Қыз бала тәрбиелеп отырған әкелерге арналады

Әкелер көбіне ұл баласы болуын армандайды. Ол қыз баланы жақсы көрмейді не қажетсінбейді деген сөз емес, жақсы тәрбие бере аламын ба деп алаңдауына байланысты. Қазіргі тәрбие беру жүйесі ұл, қыз деп бөлінбейді. Екеуіне де бірдей жақсы адам боп өсуі үшін ата-анасының мейірімі, қолдауы, түсінуі қажет. Олардың қызығушылығына немқұрайлы қарамай, бойындағы қабілетін ашып, қателігінен сабақ алуға дағдыландыру. Баланы тәрбиелеу қиын не оңай болуы оның ұл не қыз болуына қатысы жоқ. Қыз өсіру деген оның шашын өріп беріп, әдемі көйлек кигізіп, қырындаған жігіттерден қорумен шектелмейді. Қызы бар әкелер есінде ұстауы тиіс бірнеше ереже ұсынамыз.

Көп отбасыда аналары баласын бақылауда ұстап, шекараларға қамап, мойнына міндеттер жүктеп, баланы әр істен шектеу рөлін атқарады. Ал әкелер екіге бөлінеді: бірі – баласын өз жағына тарту үшін анасы шектеген барлық іске еркіндік береді, екінші түрі – «әкең келсе жаныңды шығарады» деген әңгіменің кейіпкері.

Бұл типтің екеуінен де аулақ болған жөн. Отбасыда әке қатал, бірақ бәріне әділетті болуы тиіс. Ханшайымы көз жасын төгуіне жол бермей, орнымен мақтап, ақылын айтып отырғаны абзал.

Әр әке өзінің қызы өмірге келмейінше қуыршақ ойнау, қызының шашын жинап беру секілді істерде өзін елестете алмайды. Ал негізінде қыз бала ойындарында әкесі маңызды рөл ойнайды. Қыз үшін анасы онсызда сұлулық эталоны екені белгілі. Ал оның ойынына әксеі қатыса білсе, қызы өмірдегі ер адамның рөлін жақсырақ сезініп өседі.

Әйеліңіздің адалдығына қалай сенсеңіз, қызыңыз да жаман жолмен жүрмейтніне имандай сенуіңіз керек. Жасөспірім шаққа жеткенде қызым қайда, кіммен жүр деп үнемі күдіктеніп, еркіндігін шектей берер болсаңыз, ол керісінше тыйым салынған жаққа қарай ықыласы ауып тұрады. Оған сеніп, шексіз жақсы көретініңізді көрсетсеңіз, санасы бар бала сіздің атыңызға кір кілтірмеуі үшін барын салады. Болашақта өз отбасында да осы өнегені көрсетеді.

Ер адам психологиясынан хабардар етіңіз. Бұл оған алғашқы махаббаттың дәмін татқанда қажет болады. Әдетте олардың балалық сезімі өзі қатарлы ұл балалар әлі махаббаттан түк хабары жоқ кезде оянады. Оған соншалықты алаңдап, уайымдаудың қажеті жоқ, жай ғана өтпелі кез. Осы кезден бастап оны әркімнен қорып, аулақтатуға тырыссаңыз, оның сізге деген сенімі жоғалады. Сонымен қатар оның таңдауына қарсы шығу туралы да ойламаңыз. Еш әкеге күйеу баласы бір көргеннен ұнаған емес. Оның түбінде жай ғана қызғаныш жататынын ұмытпаңыз.

Қыз баласы анасына қарағанда әкесінен көбірек мақтау естігісі келеді. Оның сұлу екенін, нәзік екенін үнемі құлағына құйып отырыңыз. Ер адамның көзқарасымен жоғары бағаланған қыздың өзіне деген сенімі мықты болады. Өзіне сеніп, өзін бағалай білетін жан ешқашан бақытсыздыққа ұрынбақ емес.

Егер қызыңыз сізге құрбыларымен болған кикілжіңді не өзінің ішкі уаымдарын айтқысы келсе, оған ешқашан құлықсыз болмаңыз. Мұндай әңгімелерді анаңа айт, оданда өз ісіңмен айналыс деген секілді сөздерді айтушы болмаңыз. Тіпті мультфильмнің сюжетін айтып бергісі келсе де, оны мұқият тыңдаңыз және әңгімеге араласа біліңіз. Зор сенім мен маңызды әңгіме кіші диалогтардан басталады.

Қызығушылығын құртпаңыз

Балаңыз тыңдайтын әуен, көретін фильм, қызығатын кейіпкері сізге ұнамауы мүмкін. Сіздің қызығушылықтарыңызды да ата-анаңыз қолдағысы келмеген болар. Өйткені әр заманның өз сәні бар. Керітартпа әке рөлінде болып, қызыңызды өзіңізден қашықтатқыңыз келмесе, заман ағымына ілесіп, жастардың не көріп, не тыңдайтынын біліп, түсініп, балаңызбен бір толқында болыңыз.

Мектеп өміріне қызығыңыз. Ата-ана жиналысының басым бөлігі аналардан ғана тұрады. Үй тапсырмасына да көмектесу, сөмкесін жинасу, күнделігін тексеру – барлығы аналардың ғана мойнына жүктелгендей. Әкелердің көбі тіпті баласының нешінші сыныпқа барып жүргенін білмейді. Мектепте досы бар ма, жоқ па одан да хабарсыз. Алайда мектепте өтетін он жыл әр баланың өмірінде маңызды рөл атқарады. Осы жылдар ішінде әке баласының сеніміне кіріп үлгеруі керек.

Психологтар пікіріне сүйенсек, әр ата-ана әр баласына оңаша уақыт арнауы керек. Бұл толық бір күн болмаса да, бірнеше сағатқа созылар. Әкесі қызына бірнеше сағат, ұлына бірнеше сағат, анасы да солай екеуден-екеу өткізетін уақыт арнауы керек. Қызыңызбен бірге саябақта серуендеңіз, кафеге, киноға, зоопаркке, мұражайға барыңыз, әртүрлі тақырыпта ойын сұрап, пікірін талқылаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 10 желтоқсан 2019, 09:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.