- Негізгі бет
- Сын сағатта
- «АрМИ-2018» халықаралық әскери...
«АрМИ-2018» халықаралық әскери ойындары басталды
Жамбыл облысында орналасқан Отар полигонында әскери қызметкерлер арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «АрМИ-2018» халықаралық жарысы басталды.
Халықаралық деңгейде өткізілетін шараға әлемнің 11 елінен 18 команда келген. Атап айтсақ, Ресей, Қытай, Венесуэла, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Сирия, Әзірбайжан, Зимбабве, Беларусь, Иран және Қазақстанның қарулы күштері жарыстың көрігін қыздырды.
Қатысушылар «артиллерия», «сұңқар салу», «сенімді қабылдау» сайыстары бойынша сынға түсті. "Сенімді қабылдау" биыл байланыс қызметкерлерінің арасында алғаш рет өткізілді.
Халықаралық бәсекенің ашылу салтанатына еліміздің қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов және Қырғызстан Республикасы қарулы күштерінің басшысы Райымберді Дүйшенбиев қатысты. Шара басында Сәкен Жасұзақов сөз алып, құттықтауын жолдады.
«Халықаралық әскери ойындар төртінші жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты арттыру, сарбаздардың шеберлігін шыңдау»,– дейді ҚР Қорғаныс министрі.
Алғашқы күнгі сында қатысушылар артиллериялық қабілеттерін көрсетіп, алдын-ала дайындалған тапсырмаларды орындады.
А. Қажиев