Қыздарға неге әскери жігіттер ұнайды?

Қыздарға неге әскери жігіттер ұнайды?
Фото: www.m-astana.kz

Кей қыздар әскерге барған, әскери қызметтегі жігіттерді ұнатады. Себебі...

Әскери жігіттер үнемі белгілі күн тәртібімен жүреді. Уақытылы ұйықтап, ерте тұрады. Бұл олардың дағдысына сіңіп кеткен. Ал ерте тұратын жігіттер жалқаулық, еріншектік, арамтамақтық қасиеттерінен ада болады.

Қай жерде болса да орнын біледі. Өйткені әскерге барған күннен бастап барлық әрекетті рұқсатпен ғана жасап, тіпті тамақ, ұйқы, күлкі деген үш арсыздың да ретін үйренген.

Уәдесіне берік. Әскерде өтірік айтуға үзілді кесілді тыйым салынады. Аузынан шыққан әр сөз үшін жауап береді. Өтірік айтпақ былай тұрсын, ойнап айтқан сөзі үшін де жазаланады. Сондықтан сертіне берік, уәдесіне адал келеді.

Сәйкесінше, сөзінде тұратын адам махаббатқа да адал болады. Оның үстіне қатаң тәртіп өмірінде былай-былай бас бұрып, қыздармен босқа уақыт өткізуге шамалары болмайды.

Олар бір орында отырып, кәстөм-шалбарды киіп алып кеңсеге кіріп-шығып істейтін қызметті жұмыс құрлы көрмейді. Дене қуатын қажет ететін, нағыз күшті ер адамдарға лайықты, қауіпті жұмыстарды жаны сүйеді. Осы қасиеті оларды қыздарға нар келбетті етіп көрсетеді.

Әскери жігіттердің көпшілігінің мінезі де салмақты, көпірме көп сөзділікке жоқ. Бір айтқаны болғанын қалайды. Қыздарға да осындай қаталдау талаппен қарайды. Үйінде әкесінің қату қабағын аңдап өскен қыздар, әдетте, жігітінің де осылай барлығын қабағымен ұқтырғанын тілейді.

Әскер көрген жігіттер темекі тартпайды, ішімдіктен де аулақ. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады.

Мұндай қасиеттер тек әскери адамның емес, өзін нағыз ер азамат санайтын барлық жігіттің бойынан табылуы тиіс. Ал ер азаматының табыскер болғанын маңызды санайтын қыздар әскери қызметтегі адамның шаңырақ көтеріп, балалы болған сайын жалақысы өсетіні үшін де жақсы көреді екен.

@. @assel_assanova