- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Пентагон туралы сіз...
Пентагон туралы сіз білмейтін деректер
Пентагон – әлемдегі ең керемет ғимараттардың бірі. «Пентагон» деген сөзді естіген кезде бірден көз алдыңызға АҚШ кино әлемінің түрлі сюжеті оралады. Ал осындай атаққа ие болу үшін жай ғана «Пентагон» деп аталу аздық етеді. Сонымен сіз бен бізге таңсық әлемдегі ең керемет ғимарат туралы қызықты деректерді оқып көріңіз.
1. Пентагон алғаш АҚШ-тың Қорғаныс министірлігінің штаб-пәтері ретінде салынбаған
АҚШ-тың президенті Франклин Рузвельттің бұйрығымен салынған бұл ғимарат алғашқы кезде АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері болады деп жоспарланбаған. 1930 жылдары президенттің тапсырмасымен әскери және теңіз әскерлерінің департаменті салынған. Бірақ аталған ғимарат тым тар әрі кішкене болғандықтан қайтадан жаңа ғимарат тұрғызған. Оның ішіне 40 мың қызметкер мен 10 мың түрлі көлік түрлері тұра алатын тұрақ салынған. Ал сол кездегі қарапайым әскери департаменттің орнында қазір мемлекеттің бас штаб-пәтері орналасқан.
2. Пентагон Эмпайр-стейт-билдинг ғимаратынан үлкен
Эмпайр-стейт-билдинг – Нью-Йоркте орналасқан 103 қабатты әлемдегі ең үлкен және керемет ғимараттардың бірі. Тіпті әлемдегі жеті кереметтен кейінгі сегізінші керемет болып тіркелген. Ал осындай атаққа ие ғимараттан біз айтып отырған Пентагон үлкен әрі беделді болып шықты. Пентагонның жалпы аумағы – 473 805 шаршы м. Бұл дегеніңіз Эмпайр-стейт-билдингтен екі есе үлкен.
3. Пентагон «Тозақ күні» деп аталатын жерде салынған
Пентагон АҚШ-тағы кедейлер тұратын, «Тозақ күні» аталып кеткен ауданға салынған. Бұл жерде азамат соғысынан кейін сол кездегі құлдар орын тепкен.
4. Пентагон қырғи-қабақ соғыс кезінде «Ошақ» деген лақап атпен аталған
11 қыркүйек күні орын алған «Егіздер» ғимаратына жасалған (Пентагон осылай атаған) терактқа дейін Пентагонның жоспары басқа болған. Олардың ойынша егер КСРО-мен арада ядролық соғыс басталса олардың ең бірінші шабуыл жасайтын нүктесі «Ошақ» немесе «Пентагон» болады деп болжам жасалған.
5. 17,5 миль
Пентагонның ішін аралап шығу дегеніңіз аз да болса салмақтан арылумен бірдей. Иә күлкілі естілуі мүмкін, бірақ аталған ғимараттың ішін аралап шығу үшін 28 км жүру керексіз. Пентагонның іші лабиринт үлгісінде салынған. Тіпті кезінде генерал Эйзенхауэр өзінің кабинетін таппай адасып кеткен екен.
М. Ақан