Ит тұқымдары: Тибеттік мастиф

Ит тұқымдары: Тибеттік мастиф
Фото: look3.ru

Достар, өткен жолы сіздерге Доберман итінің қалай пайда болғаны туралы мәлімет берген едік. Әрине, түрі аристрократтық жануарға көпшілігі қызығады. Бірақ кей оқырмандарымыз үйді мекендейтін төбетке қарағанда, аулада арсалаңдап жүгіріп жүретін иті болғанын қалайды екен. Бір сөзбен айтқанда, аязға төзімді, сүйкімді, түрі бір көргеннен жүректі жаулайтын, ақылды және өзіңмен бірге еркелеп ойнаса, тіптен керемет дейді. Көптеген оқырманның талғамына сай итті таптық және ол туралы аз-кем ақпарат береміз.

Жер бетінде 5 мыңға жуық жыл мекендеген, жеті қазынаның бірі саналған бұл жануарды көп адам тірілей көрмеген. Яғни, Тибеттіктер мақтанышына айналған төбеттің тұқымын өзге елдерге шығармайды. Өзі денелі, алып, үрпек жүнді, ақылды, сүйкімді, бүгінгі тақырыбызға арқау болған итттің тұқымы  тибеттік мастиф.

Бойының ұзындығы 60-70 см, ал салмағы 55-70 келі болатын алып итті Орта Азиядағы туристер бір көру үшін арнайы келеді.

Қорқынышты түрі мен ашуланшақ мінезін қарап, адамға нағыз дос бола алады деуге болады. Әйтсе де иесінің достары мен кішкентай балалар оның жанында өте нәзік келеді. Оларға еркелеп, тірі ойыншықтың кейіпінде де бола алады.

Иттің мінезі қалыптасуы қожайынына байланысты. Егер сіз тамағын уақытында бермей, ұрып, теуіп, әр кез байлауға үйретсеңіз, онда сіздің итіңіз өзіңізге де шабуыл жасауы мүмкін. Сондықтан төбетіңізбен жаныңыздағы досыңыз секілді араласқаныңыз дұрыс.

Егер сіздің бағыңыз жанып тибеттік мастиф күшігін өзіңізге сенімді дос ретінде алсаңыз, оған қандай күтім керек екенінен хабардар етейік. Тибеттік мастиф тұрмыс қиын жағдайда пайда болғандықтан суыққа төзімділігі, жауынан қорғауы, ақылдылығы, шыдамдылығы барлығы алдын ала ойластырылған. Үйіңіздің ауласы болса, онда бұл  нағыз иттің тұрағы. Себебі үрпиген жүні қандай суық болса да, төтеп береді. Мастиф те серуенді жақсы көретін иттер қатарына жатады. Күніне бір рет немесе екі рет арнайы серуендеуіңізге болады. Тақырыптың басында айтқанымыздай, ақылы бар ит сіздің айтқаныңызды жылдам үйреніп алады. Ол үшін арнайы иттерге арналған дәрістерді пайдалансаңыз болады. Тағы бір айта кетерлік кеңес, жылына екі рет түлегендіктен, үрпек жүндерін қысқартып тұрғаныңыз дұрыс.

B. ZHAQSYMBET