Жігіттердің ең үздік образына дауыс бер! (дауыс беру аяқталды)

Жігіттердің ең үздік образына дауыс бер! (дауыс беру аяқталды)

Қадірлі оқырман! "Сәрсенбідегі сән" жобасын жалғастырамыз. Жоба түрлі образды ел назарына ұсыну арқылы оқырманның талғамын арттыру үшін қолға алынған болатын. Осы жобаның қыздарға арналған бөлігі мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталған еді. Енді жігіттерге арналған кезеңі тәмамдалуы жақын. Біз бір-біріне ұқсамайтын 4 образды ұсындық. Ендігі кезек – сізде! Осы 4 образ ішінен ең жарасымды, талғамды, үйлесімді деп тапқан образыңызға дауыс беріңіз! Дауыс беру 1 аптаға созылады. Келесі сәрсенбіде біз Массагет оқырмандары үздік деп тапқан образды анықтаймыз! Одан кейін "Сәрсенбідегі сән" жобасының оқушы қыздарға арналған кезеңі дәл осындай ережемен өз жалғасын табатын болады.

Ендеше, бәйгеге түсетін образдар:

Әділ ұсынған "Офистік образ"

Айдар ұсынған "Кэжуал стиліндегі образ"

Ербол ұсынған "Іскерлік стиліндегі образ"

Тимур ұсынған "Street style" образы

Дауыс беру қорытындысы бойынша "Ең үздік образ иесі" атанған сері жігіт Massaget.kz порталының арнайы сыйлығына ие болады.

Іске сәт! 

Басты көрнекі сурет: mport.ua

Ф. Абилова