Әлеуметтік желіге тәуелділер импотенцияға ұшырауы мүмкін

Әлеуметтік желіге тәуелділер импотенцияға ұшырауы мүмкін
Фото: psyfiles.ru

Әлеуметтік желіде көп отыратындардың жыныстық қатынасқа түсуге деген тәбеті азаюы мүмкін. Ерлер эректильді дисфункцияға ұшыраса, әйелдердің оргазм алуы қиындамақ.

Қазір әлеуметтік желіде отырмайтын адам жоқ. Біреуге ол көңіл-көтерудің амалы болса, екіншісіне ақпарат алудың көзі. Медициналық зерттеулерде әлеуметтік желінің адам психикасына кері әсер ететін жерлері көп екені талай анықталған: адамды күйзеліске ұшыратады, ойлау қабілетін төмендетеді, мазасыз күйге түседі, психикасы нашарлайды.

Португалияның Instituto Universitário университетінің мамандары әлеумметтік желінің тағы бір зиян тұсын анықтап отыр. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіде көп отыратын адамның сексуалды өмірі де нашарлауы мүмкін. Ер адамда эректильді дисфункция болса, әйелдердің құмарлыққа, ләззат алуға дейін бейімі төмендейтін көрінеді.

Желіде жиі отыратын адамдар шынайы өмірден шет қалатындықтан, тірі жанмен байланыс орната алмай қиналады, эмоционалды жақтан қалыс қалады. Адам әлеуметтік желіде көп отырған сайын, соғұрлым жыныстық өмірінен ләззат алуы қиындайды.

Мұны мамандар 1 166 адамға сауалнама жүргізу арқылы анықтаған.

Қ. Слямбек